Атырау, 21 мамыр 17:03
 ашықВ Атырау +18
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

Назарбаев Ресей телеарналарына берген сұхбатында не айтты?

1 952 просмотра


Сұхбат желтоқсан айының басында "Россия-1" және "Россия-24" телеарналарында көрсетілмек. Қазақстан президенті Бүкілресейлік мемлекеттік телевизиялық және радио хабарларын тарату компаниясының телеарналарына сұхбат берді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Тілші сауалдарына орай, Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіндегі негізгі халықаралық және өңірлік мәселелерге тоқталып, Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары туралы әңгімеледі.

Сұхбат барысында Қазақстан президенті "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі нәтижелері жөнінде айтып, Еуразия экономикалық ынтымақтастық одағы мен "Бір белдеу, бір жол" бастамасын тоғыстырудың артықшылықтарына арнайы тоқталды.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы бірқатар жеке сұрақтарға жауап беріп, жаһандық тәртіптің одан әрі дамуының перспективаларына қатысты өз ойын ортаға салды.

Сұхбатты биылғы желтоқсан айының басында "Россия-1" және "Россия-24" телеарналары арқылы көрсету жоспарланған.

Дереккөз: sputniknews.kz

23 қараша 2018, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.