Атырау, 21 мамыр 18:08
 ашықВ Атырау +13
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

Бәрі – камера алдындағы ойын – Әкімдік медальдан бас тартқан батыр аналар туралы

2 350 просмотра


Алматы облысы әкімдігі Today.kz тілшісіне Талдықорғандағы оқиға туралы пікір білдірді. Айта кетсек, көп балалы аналар өз медальдарынан бас тартқан болатын. Билік әйелдердің әрекетін ойластырылған жоспар деп есептейді. 

Әкімдік айтқандай, жалғызбасты жеті анадан құралған топ әкімшілікке екі рет келген. Екі ретте де әйелдер пәтер кезегін күте-күте шаршағандарын, осыған байланысты "Алтын алқа" мен "Күміс алқаларынан" бас тартатындарын айтқан. 

Әкімдік әр жағдайды жеке-жеке қарастыру үшін арнайы жұмыс тобын құрған. Соңында жеті әйелдің төртеуінде мемлекеттік қордан алған жеке пәтер бар екені белгілі болды. Қалғандары пәтер кезегін күтулері тиіс. 

"Одан бөлек, жұмыс тобының жиналысында кей әйелдер тұрғын үй жағдайын қасақана нашарлатқаны айтылды. 

Мысалы марапаттан бас тартқан Динара Мастекованың кезекке тұрмастан бұрын бірнеше үй, пәтер, жер телімі мен коммерциялық нысан иеленгені белгілі болды. Заң бойынша кезекке тұруға құқық алмауы тиіс    

Біз 2010 жылы тапсырған құжаттарын қарап шықтық, 2011 жылы өз атына тұрғын үй жазылғанын анықтадық. Коммерциялық нысаны, жер телімі болған, кезекке тұрмастан бұрын бәрін өз атынан алып тастаған", – деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалимұрат Жүкел. 

Осыған байланысты көп балалы ана мемлекеттік тұрғын үй кезегіне қалай тұрды деген сұрақ туындайды. Құжаттарды алдын ала қарап шыққан топ әйелдер берген анықтамалардың да түгел емес екенін анықтаған. 

"Кезекке тұрарда отбасының барлық мүшесі, соның ішінде өзі де бар, бүкіл құжатты әкеліп ХҚО-ға өткізеді. Біз барлық баланың Алматы облысы бойынша тұрғын үйі жоқ екенін анықтайтын құжаты бар екенін анықтадық, республика бойынша база біртұтас. 

Ол тек Ақмола облысы бойынша тұрғын үйі жоқ екенін анықтайтын құжат әкелген. Бұның бәрін анықтадық 

Әрине, "өздерің құжатты қабылдадыңдар" дегенді айтып отыр. Бұл адами фактор жабулы күйінде қалмайды", – деді баспасөз хатшысы. 

Оның сөзінше, бұның бәрі прокуратураға табысталды. 

Сондай-ақ батыр аналардың ешқайсысы марапаттарын әкімдікке қалдырмаған болып шықты. Барлық медальды әйелдер өздерімен бірге ала кеткен. 

"Кейбір БАҚ-та олар медальдарын әкімдікке тастап кеткен деген ақпарат тарады, әкімге берді депті, ресми түрде айтарым бұндай ештеңе болған жоқ. Бұның бәрі – камера алдындағы ойын. 

Камера өшкен кезде олар медальдарын қайтып алып кеткен 

Барлық медаль өздерінде, бізде бірде-бір медаль жоқ", – деді Ғалимұрат Жүкел. 

Естеріңізге салайық, Талдықорғанда тұратын батыр аналар "Алтын алқа" мен "Күміс алқаларын" әкімдікке әкеліп тастап кеткені айтылды. Әйелдердің сөзінше, медальдардың ешқандай пайдасы жоқ. 

Дереккөз: today.kz

22 қараша 2018, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.