АҚШ-та аралық сайлаудың алдын-ала нәтижелер белгілі болды. Республикалық партия аралық сайлауда 50 орынға ие болып, Сенаттағы орнын сақтап қалды. Биылғы аралық сайлау бұрынғыдан өзгерек: саяси ойын мен плюрализмге толы.
Шығыс жағалаудағы ауа райы да, елдің оңтүстігіндегі дауыл да американдықтарға сайлау учаскелеріне келуге еш кедергі келтірмеді. Тіпті кезекке тұрушылар саны бұрынғыдан да артқан. Сарапшылар мен партия өкілдері арасында пікір қайшылығы туындап, күллі Америка үлкен екі топқа бөлінді: бірі – республикалықтар, бірі – демократтар.
«Америка дауысы» екі партия үміткерлерінің пікір жариялады. Сара Сандерс, Ақ үйдің баспасөз хатшысы:
«Президент қандай партия жеңіске жеткеніне байланысты күн тәртібін, алға қойған жоспарларды өзгертпек емес. Біз салықты азайтуға, экономиканың өсуіне, жұмыс орындарын құруға, ИГИЛмен күресуге бағытталған әкімшілік болып қаламыз. Менің ойымша, біз бұл жөнінде демократтармен де бірге жұмыс істей аламыз». Ким Шриер, АҚШ Конгрессіне Демократиялық партиядан үміткер: «Біз қазір ел болып жатқан жағдайға мүлде риза емеспіз. Адамдар шын мәнінде Конгресте өз пікірін білдіріп, тың өзгерістердің орын алуын күтеді. Яғни біз Трамп жасай алмаған саяси келіссөздерді жүргізетін боламыз». Нэнси Пелоси, АҚШ Конгресінің төменгі палатасының демократиялық партияның көшбасшысы: «Ертең Америкада жаңа күн басталады. Бұл күн республикалықтар мен демократтардың күресінен де маңызды. Бұрынғы баланс пен тексеру жүйесін Уашингтонға қайтарамыз деп ойлаймын. Барлығы алда». АҚШ Конгресі.
Сайлаудың басты күші – АҚШ конгресі. Конгресс – елдің мемлекеттік жүйесін қайта құру және жаңғырту үшін құқықтық жобаларды әзірлейтін және орындауға ұсынатын АҚШ Федералдық үкіметінің заңнамалық тармағы. Американдық Конгресс тарихы ХІІІ ғасырдың соңында Филадельфияда басталды. Сол жылдары АҚШ тәуелсіздік туралы Декларацияға қол қойып, өзін тәуелсіз мемлекет ретінде жариялады. 1789 жылдан Конгреске сайлау өтіп келеді. 1800 жылдан бастап Конгрестің барлық отырыстары Вашингтон Капитолиясында өтеді. Американдық парламент екі палатадан тұрады: жоғарғы палата – Сенат және төменгі палата – өкілдер. Конгреске келесі құқықтар беріледі: Мемлекеттік салық алымдары мен мемлекеттік баж сомасын белгілеу; кредиттер заемын жүзеге асыру; елдің басқа мемлекеттермен сауда қарым-қатынасын іске асыру және бақылау; бағалы қағаздар мен монеталарды қолдан жасағаны үшін жауапкершілік шараларын белгілеу; ғылым дамуын қолдау; соттарды ұйымдастыру; соғыс қимылдарының басталуын жариялау; армия мен флотты құру және ұстау; полицейлік штатты ұйымдастыру, қаруландыру және оқыту; азаматтардың заңдарды сақтауын бақылауды қамтамасыз ету үшін полицияға шақыру; аталған өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін заң актілерін шығару. Конгресс конституция аясында әрекет ете отырып және биліктің басқа екі тармағының пікірін ескере отырып, маңызды заңдарды әзірлейді. Өкілдер палатасы әзірленген заңдарды Сенатқа таныстырады. 2018 жылғы аралық сайлауда АҚШ-та бірқатар ауқымды өзгерістер орын алды.
Сонымен, Сенаттағы республикашылардың жеңісі АҚШ президентіне импичмент жариялауға мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ республикалықтар қаржылық, саяси және шекара мәселелерін шешуді жалғастырады. Сайлау қорытындысы бойынша, Өкілдер палатасына 435 кандидат қайта сайланған. Бұл жолы 238 дауыс жинаған демократтар жеңіске жетті. Сайлау алдындағы бағдарламаларда демократтар АҚШ президентінің өкілеттігін және оның салық декларациясын тексеруге, Ресейдің 2016 жылғы сайлауға араласуы мен оның әкімшілігінің іс-әрекетін қатаң қадағалауға уәде берген. 2018 жылғы аралық сайлауда АҚШ-та бірқатар ауқымды өзгерістер орын алды: дауыс берушілер саны бұрынғыдан 2 есеге көп. Сондай-ақ АҚШ конгресінің өкілдері палатасына 90 әйел адам жоғары лауазымға сайланған. Америкалық әйелдер мен саясат орталығының мәліметтері бойынша, төменгі палатада 78-і Демократиялық партияның, ал 12-сі Республикалық партияның өкілдері. Губернаторлар сайлауында сегіз әйел жеңіске жеткен. Бұл – жаңа рекорд.
Дереккөз: "The Qazaq Times"