Атырау, 6 қаңтар 02:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 526.11
€ 542.31
₽ 4.76

​Атыраудағы балалар ауруханасында алғаш рет бет-жақ трансплантациясы жасалды

1 014 просмотра

Атырау облыстық балалар ауруханасында 14 жасар қыз баланың жамбасынан 3-3,5 см сүйек алынып, жақ бөлігіне салынды ,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сол жақ бетіне артық ет өскен науқасқа сәтті операция жасалды. Күрделі отаны облыстық балалар ауруханасының бет-жақ хирургі Аянбек Мынбаев пен травматолог дәрігер Жандос Бегманов жасады. Олар қыз баланың бетіне тыртық қалдырмай, бет-жақ трансплантациясын ауыз қуысы арқылы жүргізген.

-Науқас алғашында бетінде ісік пайда болғанын байқап стоматолог пен аллерголог маманына жүгінген. Арнайы диагностикалық тексерістен соң, науқастың сол жақ бетінен киста анықталып жоспарлы түрде балалар ауруханасына жолданды.

Ота кезінде көлемі 5 см болатын киста алдық. Операция үш сағатқа созылды. Кейін науқастың өзінің жамбас бөлігінен сүйек алып, жақтағы дефектіні қалыпқа келтірдік.Қазір науқас бақылауда, жағдайы бірқалыпты, - деді дәрігер Аянбек Мынбаев.

29 қараша 2024, 09:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.