Атырау, 27 шілде 05:44
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Біздің сауда қызбай тұр

1 602 просмотра

- Саяжай иелері өз өнімдерін қайда сатпақ? Біз өзіміз өсірген көкөністерімізді «Мұрагер» базарында сатуды ұйымдастыруға тырысқанбыз, алайда, міне екінші жыл, бізді базар қожайындары қуып шығып отыр. Басқа да базарлардың бізді қуана қарсы алатындығына күмәнім бар. Жергілікті өнімді біз сонда қайда сатамыз? Бізге жергілікті билік қандай қолдау танытар екен?

Телефон арқылы

Сауалға қала әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары Амантай АЙТБАЕВ түсінік береді:

- Әрбір сенбі мен жексенбі күндері саяжай иелері ешқандай ақысыз және еркін «Мұнайшы» стадионы алдындағы алаңда сата алады. Егер сіз қала базарларында сатқыңыз келсе, онда сіз Сәтбаев даңғылы 13 мекен-жайдағы кәсіпкерлік бөліміне, бөлім бастығы Қадырғали ТҰРҒАНОВҚА жолығуыңыз керек. Біз жергілікті өнімнің қалалықтарға қолжетімді болуына мүдделі болып отырмыз, сондықтан да Тұрғановқа саяжай иелері осы мәселемен келген жағдайда базар басшыларымен сөйлесіп, маусымдық сауда ұйымдастыруы үшін барлық мүмкіндіктерді жасауға тапсырма берілді.

8 тамыз 2012, 22:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.