Атырау, 27 сәуір 05:13
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Шәкіртақы болады

1 882 просмотра

- Менің күйеуім «Мирас» оқу орталығында 3 апта оқыды. Барлық оқып жатқандардың қолында келісім-шарттары бар, оларға шәкіртақы тиесілі. Оның келісім-шарты жоқ, орталықтағылар оған шәкіртақы берілмеуі мүмкін деп отыр. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегілер оны оқу орталығына жұмсайды, ондағылар қайтадан бөлімге жібереді.

Телефон арқылы

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Светлана САБРАСОВАНЫҢ айтуынша, қалалық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі арқылы жұмыссыздарды оқытуға үш бағдарлама бойынша жіберді. Бірінші нұсқа: үш айлық оқу курсы және «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен тыңдаушыларға шәкіртақы төленді. Биылғы жылы осы бағдарлама бойынша біздің облысқа әдеттегідей көп қаржы бөлінбей отыр. Бұрын 2 мың адамдай оқыса, қазір бар-жоғы 300 адам ғана оқиды.

Екінші нұсқа: - оқуды жергілікті бюджет төлейді, сондықтан да шәкіртақы қарастырылмайды.

Үшінші нұсқа: – жұмыссыздар үшін оқу курстарын жеке фирмалар төлейді. Оқу ақысы мен шәкіртақыны төлеу кешіктіріліп жатқанға ұқсайды. Бірақ компания өкілдері міндетті түрде төлемақыларын төлейді, сол кезде орталық өз ақшасын алады. Соған байланысты ол да шәкіртақысын алады.

8 тамыз 2012, 22:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.