Атырау, 5 қазан 03:19
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Күңгірт жабындыға рұқсат жоқ

1 987 просмотра

- Өзімнің жаңа көлігімнің алдыңғы әйнегін күңгірттеп жауып алғым келеді. Әрине, өте күңгірттеуге тыйым салынғандығын білемін. Дегенмен де, нақты рұқсат етілген күңгірттеу дәрежесі бар шығар?

Телефон арқылы

ІІД жол полициясы басқармасының жол-патрульдік қызметі бөлімшесінің бастығы Талғат МАРДЕНОВТІҢайтуынша, желқағар және алдыңғы екі бүйіріндегі машина әйнектерін күңгірттеудің қандай да бір «жеңіл дәрежесі» туралы жол қозғалысы ережелерінде айтылған емес. Көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлардың тізбесінің 7.3 тармағына сәйкес, жүргiзушi отырған жерден көрудi шектейтiн, жол қозғалысына қатысушылардың жарақат алу қаупiн тудыратын қосымша заттар орнатылған көліктерді қолдануға тыйым салынады. Бұған механикалық көлік құралы кабинасының (салонының) желқағар және (немесе) алдыңғы бүйіріндегі әйнектеріне жабынды жағылған не болмаса түрлі-түсті пленкалар жапсырылған көліктер де жатады.

Ереженің осы тармағы бұзылған жағдайда 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу жазасы қарастырылады. Бұдан басқа, мұндай көлік құралдары әкімшілік кодекстің 630-бабына сәйкес заң бұзушылық жойылғанға дейін айыппұл тұрағына орналастырылуы мүмкін.

8 тамыз 2012, 22:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.