Атырау, 23 желтоқсан 19:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Қырғызстанның құс еті мен жұмыртқаға шектеу енгізгені заңсыз - АШМ

1 436 рет қаралды


ҚР  Ауыл шаруашылығы министрлігі Қырғызстан Республикасының отандық құс еті мен жұмыртқаға шектеу енгізуіне қатысты ресми мәлімдеме таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Қырғыз Республикасының Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарынан құс еті мен жұмыртқаны әкелуге шектеу енгізгені заңсыз. Соңғы 10 жылдың ішінде Алматы облысында құс аурулары тіркелген жоқ. Ал Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында құстардың Ньюкасл індеті бойынша жарияланған карантин 2018 жылы 19 қыркүйекте алып тастады. Осыған байланысты Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарынан құс еті мен жұмыртқаны әкелуге Қырғыз Республикасының енгізген шектеулері құқыққа жат болып табылады. Тиісті хат Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік бойынша  Мемлекеттік инспекциясына жіберілді», - делінген АШМ-ның ресми хабарламасында.

Дереккөз: inform.kz

10 қазан 2018, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.