Атырау, 23 желтоқсан 19:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Түрмеден шыққанын екі апта тойлаған ер адам көз жұмды

1 939 рет қаралды


Ер адам менингит жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түскен. Менингит дертінің белгілерімен 27 қыркүйекте ауруханаға жатқызылған ер адам көз жұмды, деп хабарлайды "Петропавловск News" порталы.

Түрмеден шыққанын тойлап жүрген жас жігіт бас жарақаты және менингит белгілерімен ауруханаға түседі. Алайда сараптама нәтижелері менингококк инфекциясын анықтаған жоқ.

Ер адамға бас жарақатынан бөлек, бауыр циррозы мен гепатит диагнозы қойылды.

Басылым мәліметінше, биыл Қазақстанда 80 адам менингит дертін жұқтырған, науқастардың 15-і қайтыс болды. Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындары эпидемияға байланысты алаңдаушылық білдіре бастады.

Дереккөз: sputniknews.kz

10 қазан 2018, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.