
Штаб-пәтері Лозаннада орналасқан Спорттық арбитраждық сотқа (CAS) қазақстандық Серік Қонақбаевтың оны Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы (AIBA) президенті сайлауына өткізбей жатқаны туралы апелляциялық шағымы түсті - деп хабарлайды РИА Новости соттың сайтына сілтеме жасап.
AIBA cайлау комитетіндегілер (AIBA вице-президенті - автор.) Қонақбаевты ұйым басшысына үміткерлердің тізіміне қоспаған болатын. Қазақстандық экс-боксшы бұл шешімге шағым түсіріп отыр. Ол 2-3 қарашада Мәскеуде өтетін сайлауға қатысқысы келетінін білдірді. Соттағылар өз кезегінде өтінішті қабылдады, таяуда шешім шығуы тиіс.
Айта кетейік, бүгінде AIBA президентіне үміткер тек бір адам - Өзбекстан өкілі Гафур Рахимов
Дереккөз: tengrinews.kz
В Атырау -1