Атырау, 23 желтоқсан 14:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​"Әсері күшті препараттан уланған". Алматыда ҚазҰУ студенті қайтыс болды

1 289 рет қаралды


Алматыда әсері күшті дәріден уланған ҚазҰУ студенті қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі шұғыл медициналық көмек станциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Дәрігерлердің айтуынша, оқиға 2018 жылы 24 қыркүйекте кешке болған. 19.46-да жедел жәрдемге 19 жастағы жігіт әль-Фараби атындағы ҚазҰУ жатақханасында талып қалды деген хабар түскен. 

"Сағат 20.00-де диспетчер қоңырауды қабылдағаннан кейін 5/55 реанимациялық тобы 14 минутта мекенжай бойынша жетіп барды. Биологиялық өлімнің белгілеріне қарамастан, бригада барлық қажетті шараны қабылдады және 30 минут бойы жүрек-өкпе реанимациясын жүргізді. Бірақ амал не, Нұрдос Айтбаевты құтқара алмады. Дәрігерлер жігіт анықталмаған әсері күшті препаратты қолдану салдарынан уланған, аспирациялық синдром болды деген диагноз қойды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. 

Дәрігерлердің айтуынша, қайтыс болу себептерін құзырлы органдар анықтайды.

Дереккөз: tengrinews.kz

26 қыркүйек 2018, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.