Атырау, 23 желтоқсан 14:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстанда мектепте хиджабпен бірге "мини-юбка" киюге тыйым салынбақ

2 328 рет қаралды


Ұсынысты сенат депутаттары қолдады, енді Білім және ғылым министрлігі қарастырып жатыр. Қазақстанда мектеп қабырғасында хиджабпен бірге қысқа белдемше киюге де тыйым салынуы мүмкін. 

"Хабар 24" арнасының мәліметінше, бұл туралы Қоғамдық даму министрлігінің өкілдері мәлімдеген. 

Әзірге бұл ұсынысты Білім және ғылым министрлігі қарастырып жатыр. Жыл басынан бері ел мектептерінде хиджаб киетін 2 жарым мың қыз бала оқып жатқаны анықталды. Олардың ата-аналарымен тығыз жұмыс жүргізілгеннен кейін, бұл көрсеткіш күрт төмендеді. Сондай-ақ енді ел тұрғындары көшеде бетін жауып жүре алмайтын болады. Мұндай шешім қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. 

 Сенат депутаттары комитет отырысында тиісті заң жобасын қолдады. 

"Біз жаңалық ашып отырған жоқпыз.  Еуропа елдерінде ондай нормалар заңға енгізілген. Ең біріншіден, қауіпсіздік тұрғысынан қажетті нәрсе. Бұл жерде тек балаклава, паранджа, ниқабты айтып отырған жоқпыз", — деді ҚР қоғамдық даму министрінің орынбасары Берік Арын. 

Дереккөз: sputniknews.kz

26 қыркүйек 2018, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.