Атырау, 25 сәуір 08:31
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Жантүршігерлік қылмыс жасаған қырғызстандық Қазақстанға өтіп кетпек болған

1 898 просмотра


Күдікті кінәсін мойындады. Қазіргі таңда полиция тергеу жүргізіп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалды. Қырғызстан азаматы өзімен бірге бірге тұратын әйелді өлтіріп, Қазақстанға таксимен кетпекші болған, алайда шекарадан өте алмады. 

Жантүршігерлік қылмыс туралы Sputnik Қырғызстанға Талас облысының ІІБ хабарлады.  

25 жастағы әйел Талас қаласында тұратын анасына барған, келіншекпен бірге тұратын ер адам оның артынан келген, олардың ортақ үш баласы бар. Ер адам әйелді Бішкекке алып кетпекші болады. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға қызғаныш себеп болған. Қылмыскер пышақты алып, жәбірленушіні бірнеше рет ұрған. 

Содан кейін қырғыз-қазақ шекарасын кесіп өтпек болады, дегенмен оған жетпей, Қырғызстан аумағында ұсталды. Күдікті кінәсін мойындады. Тергеу жүргізіліп жатыр.   

Дереккөз: sputniknews.kz

25 қыркүйек 2018, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.