Атырау, 20 мамыр 23:02
 ашықВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстан қарулы күштерін Ливанға аттандырмақ

1 716 просмотра


Қазақстан қарулы күштерін Ливанға аттандырмақ. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Қазақстан мен Үндістан Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливанға аттанатын уақытша бітімгершілік әскерінің құрамына өз сарбаздарын қосу мақсатында өз ара меморандумға қол қойған. 

Меморандумға сәйкес, Қазақстан сарбаздары Үндістан батальонының құрамында болады. Әзірге олардың нақты қандай бітімгершілік операцияларға қатысатыны белгісіз. Ливан және өзгеде мемлекеттерге Қазақстан қарулы күштерін жіберу жөніндегі бастаманы осыдан екі ай бұрын президент Нұрсұлтан Назарбаев көтерген. Кейіннен праламент мемлекет басшысының бұл бастамасын қолдаған. 

Алдын ала болжам бойынша, Қазақстаннан Ливанға 120 сарбаз аттануы мүмкін. БҰҰ-ның ресми сайтында жарияланған мәлімет бойыша, Қауіпсіздік Кеңесі Ливанға бітімгершілік әскер жіберу жөніндегі шешімді 1978 жылы қабылдаған. Кейіннен аталмыш қаулыға 1982 және 2000 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. 2006 жылғы саяси дағдарыстан кейін БҰҰ Ливан аумағындағы әскер санын көбейту жөнінде шешім шығарған.

 

Дереккөз: qazaqtimes.com

 

28 тамыз 2018, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.