Атырау, 25 сәуір 21:59
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың нақты санаттары енгізілді

2 187 просмотра


Осы мәселемен айналысып жатқан ведомствоаралық комиссия азаматтарды формализациялау бойынша бірқатар жаңа тәсілдерді мақұлдады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, ақпараттық дерекқорларға жаңа статустар енгізілді. 

Олар - жеке қосалқы шаруашылықта жұмыс істейтіндер, үй шаруасындағы әйелдер, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, үш жасқа дейінгі балаға күтім көрсететін адамдар, жүкті әйелдер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтіндер, шетелдік кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер, үйде жұмыс істейтіндер, еңбек мигранттары, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер, 18 жастан асқан мектеп оқушылары. "Бұл өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға қатысты жалпы түсініктен кетіп, халықтың нысаналы топтарын нақты анықтауға және азаматтардың әрбір санаты үшін қажетті және атаулы қолдау шараларын тиімді белгілеуге мүмкіндік берді. Бұдан бөлек, мемлекеттік қолдау шараларына мұқтаж адамдардың жекелеген санаттарын формализациялау бойынша жан-жақты іс-шаралар жоспарлары әзірленді", - деді М.Әбілқасымова Үкіметтің бүгінгі отырысында. 

Айта кетейік, бүгін министр Әбілқасымова өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендерді заңдастыру бойынша есеп берді. Оның айтуынша, жылдың басында 2,7 миллион адамның нақты әлеуметтік мәртебесі болмаған. "Бүгінде 1 миллион 385 мың адамның мәртебесі нақтыланды. Олардың ішінде 548 мың жұмыскер еңбек шартын жасап, міндетті зейнетақы жарналары түсе бастады. 13 мың кәсіпкер өз қызметін ресми түрде тіркеді. 22 мыңнан астам адам азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтіндер, үй жұмыскері және шетелдік кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер ретінде анықталды. 17 мыңнан астам адам жұмыссыз ретінде тіркелді. 84 мың адам әлеуметтік төлемдерді, ал 19 мың адам атаулы әлеуметтік көмекті алушы ретінде тіркелді. 29 мың әйел жүктілікке байланысты есепке қойылды. 8,7 мың адам үш жасқа дейінгі баласына күтім жасап отыр", - деді М.Әбілқасымова Үкіметтің бүгінгі отырысында. 

Бұдан бөлек, 642,5 мың адам үй шаруасындағы әйелдер, студенттер, тыс жерлерге кеткен адамдар 18 жастан асқан мектеп оқушылары ретінде және басқа санаттар бойынша нақтыланды. Сондай-ақ дерекқорларда қайталанатын жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН), мерзімі өтіп кеткен құжаттар жаңартылды.

 

Дереккөз: inform.kz

28 тамыз 2018, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.