Атырау, 23 желтоқсан 07:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Түркістанда «смарт» коттедждер салынады

1 287 рет қаралды



Түркістанда «ақылды» үйлер салыну көзделіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев француздық Logelis GROUPE құрылыс компаниясының басшылығымен кездесті. Басқосуда шетелдік компания басшылығы әкімге облыс орталығы - Түркістан қаласында инновациялық технологиялармен жасалған коттедж үйлерді салу жобасын ұсынды.

«Ақылды» үйлер электр қуатын үнемдеп, пайдаланушыны, мейлінше, артық шығынға ұшыратпайды әрі баспана бағасы қымбат емес бағамда қарастырылған. Инвесторлар «смарт» үйлерді шаһардағы индустриалды аймақтан жер алып, сонда құрастырып, жасауды жоспарлап отыр. Жылына 1 мың үйге дейін жасап, салып беруге даяр компанияның бұл жобасы республикадағы ешбір аймақта, әзірге жүзеге аспаған.

Шетелдік инвесторлардың ұсынысындағы бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтарға қаныққан өңір басшысы пилоттық жоба ретінде Түркістанда 50 үйді салуға болатынын жеткізіп, өңір үшін тиімді тұстарын зерделеуді тапсырды. Сонымен бірге, жауапты сала басшыларына «Нұрлы жер», «7-20-25» бағдарламаларының шарттарына сәйкес келген жағдайда, тиісті жұмыстарға қосуды жүктеді.

 

Дереккөз: inform.kz

 

28 тамыз 2018, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.