Атырау, 23 желтоқсан 07:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қожағапанов: Қазақстанда әлемдік деңгейге сай екі дәретхана ғана бар

1 770 рет қаралды


Елімізде туризм дамып, туристердің көптеп келуін қаласақ, дәретханаға бару және оны салу мәдениетімізді қалыптастыруымыз керек. Осылай деп мәлімдеді мәдениет вице-министрі Ерлан Қожағапанов.

Әуежайларда орындықта жатуға және дәретханада киім ауыстыруға тыйым салынды

Шенеунік Қазақстанда жол жиегінде тұрған екі дәретхананың ғана әлемдік деңгейге сай салынғанын айтып өтті. Басты талаптардың бірі — ыстық судың болуы екен.

"Өкінішке орай, елімізде екі дәретхана ғана халықаралық деңгейге сай. Біз секілді туризмді дамытқысы келетін мемлекетте бұлай болуы тиіс емес. Елімізге қонаққа келетін әр адам қиындықсыз виза алып, таза дәретханаға барып, арзан қонақүйлерде тұрғаны дұрыс", — деп мәлімдеді Қожағапанов.

Сондай-ақ, вице-министр дәретхананың бизнесті шығынға батыратынын айтып, дәретхана құрылымын қолға алған кәсіпкерлерді субсидиялауды ұсынды.

 

Дереккөз: sputniknews.kz

 

27 тамыз 2018, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.