Атырау, 17 мамыр 10:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

​Алматыда Храпуновтардың ісі бойынша сот басталды

1 748 просмотра


Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралалық сотта Алматының экс-әкімі Виктор Храпунов пен оның жұбайының, сондай-ақ басқа да тоғыз қатысушының ісі бойынша сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпараттілшісі.

Алдын ала тыңдалымда судья қорғаушы тараптың қылмыстық істі тоқтату туралы арызын қанағаттандырмаған еді. 

Ерлі-зайыпты Храпуновтардың ісі бойынша 212 куәгер тыңдалуда. Іс материалдары 400 томнан тұрады. Бұған дейін Виктор мен Лейла Храпуновты, Айяр Ильясовты сырттай қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы қабылданған еді. Істің қалған қатысушылары ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. 

Олардың қатарында Алматы әкімдігінің бұрынғы қызметкерлері де бар. Қылмыстық іс бойынша Виктор мен Лейла Храпуновтардан басқат Қуандық Бексұлтанов, Алтай Қасымов, Яков Заяц, Абай Сапаров, Серік Есмұханов, Айяр Ильясов, Айнакүл Садықбаева, Абдул-Ғазиз Мұқашев, Абылайхан Қарымсақов, Ғабиден Қайымсұлтановтың істері сотта қаралуда. Іске қатысушылардың кейбіреулері әртүрлі кезеңдерде Алматы әкімдігінде жұмыс істеген. 

Ерлі-зайыпты Храпуновтар ұйымдасқан топпен бірге мемлекет меншігін ұрлау, лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану, алаяқтық, пара алу, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру баптары бойынша айыпталуда. Қылмыстық әрекеттерден мемлекетке 250 млн АҚШ долларынан астам шығын келген. 

Дереккөз: inform.kz

6 тамыз 2018, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.