
9 және 10 қарашада Атыраудағы Жұмекен Нәжімеденов атындағы №2 орта мектептің оқушылары қашықтан білім алды. Бұған газ жабдықтарының істен шығып, мектепте жылу беру жүйесінде ақау пайда болуы себеп болған.
«Ақ Жайық» тілшісі мән-жайды анықтау үшін қалалық білім бөліміне хабарласты.
– Жұмекен Нәжімеденов атындағы №2 орта мектептің газбен жабдықтау жүйесіндегі ГРПШ-400 газ реттеу пунктінің редукторы кенеттен істен шығуына байланысты оқушылар қашықтан оқыту форматына көшірілді. Қазіргі уақытта барлық ақау жойылып, жылыту жүйесі қайта іске қосылды, – деп хабарлады қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова.
11 қарашадан бастап мектепте сабақ әдеттегі, яғни дәстүрлі форматта жалғасады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау +2.9