Атырау, 17 мамыр 11:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

​Әдеп нормаларын бұзған 32 қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды

1 782 просмотра


ҚР Қаржы министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Төлеген Ташмағамбетовтың төрағалығымен және мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарының қатысуымен жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесуге сондай-ақ МҚІжСЖКА-нің департамент директоры Равиль Төлебаев және «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиаорталық» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Байғұлов та қатысты. 

Жиналыс барысында сөз алған мемлекеттік кірістер комитетінің әдеп жөніндегі уәкілі Т. Маубаев өз сөзінде комитет бойынша 12 415 әкімшілік мемлекеттік қызметкер бар болса, соның 9 234-і сауалнамамен қамтылғанын атап өтті. Бұл - барлық әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің 74%-ы. 

«Ағымдағы жылдың алты айында Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзғаны үшін 32 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды»,-деді әдеп жөніндегі уәкіл. Жалпы есепті кезеңде мемлекеттік қызметшінің қызмет әдебін бұзу фактілері бойынша барлығы 34 өтініш келіп түскен. Сонымен қатар, аумақтық органдардың 130 қызметкері марапатталды.

Дереккөз: inform.kz

5 тамыз 2018, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.