Атырау, 17 мамыр 08:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді

1 559 просмотра


Кардиффте өткен бокс кешінде отандасымыз мажар боксшысы Габор Кирайды жеңді.

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті. Кардиффте өткен бокс кешінде отандасымыз мажар боксшысы Габор Кирайды жеңді.

Жекпе-жек жоспарланған 6 раундқа созылды. Алғашқы сәттерден бастап-ақ басымдықты ұстаған Данияр соңғы сәттерге дейін қарсыласын қыспаққа алумен болды. Бесінші раунд аяқталар тұста отандасымыздың қабағы жарылып, жарақат алды. Жарақаты жекпе-жекті жалғастыруына кедергі болған жоқ. 6 жыл ішінде 35 жекпе-жек өткізген Габор да шыдап бақты. Нәтижесінде төрешілер шешімі бойынша отандасымыз айқын жеңіске жетті.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 28 сәуір күні өткізді. Нью-Йоркте өткен бокс кешінде америкалық боксшы Ноа Кидті 3 раундта техникалық нокаутпен ұтты. 7 маусымда Лондонда Золтан Шабоныұпай айырмасымен жеңді.

Дереккөз: vesti.kz

5 тамыз 2018, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.