Атырау, 17 мамыр 11:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

​Қазақстанда бірқатар министрліктер сайты уақытша қолжетімсіз болады

1 842 просмотра


«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ  меморгандар мен электрондық үкімет сайттарына профилактикалық жұмыстар жасалуына байланысты уақытша қолжетімсіз болатынын ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 2018 жылғы 4 тамыз күні сағат 21.00-ден бастап 5 тамыз күні 09.00-ге дейін телекоммуникациялық құрал-жабдықтарында жоспарлы профилактикалық жұмыстарының жүретіні туралы хабарлайды. Осыған байланысты Сізге бірқатар интернет-ресурстар қысқа мерзімде қолжетімсіз болуы мүмкін», - делінген таратылған хабарламада.

Атап айтқанда, ҚР Ұлттық куәландырушы орталығы,  "Электрондық үкімет порталы", "Е-лицензиялау" порталы, "Электрондық үкіметтің төлем шлюзі", ҚР Бірыңғай нотариаттық ақпарат жүйесінің сайты, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі сайттары уақытша жұмысын тоқтауы ықтимал. Бұдан бөлек, ҚР Теxникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің сайты, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, ҚР Конституциялық кеңесінің, сондай-ақ ҚР Жоғарғы сотының интернет-ресурстары қолжетімсіз болады.

Дереккөз: inform.kz

4 тамыз 2018, 21:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.