Атырау, 20 мамыр 21:29
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қызылордада қырым қанды безгегін жұқтырған әйел қайтыс болды

1 646 просмотра


Қызылорда облысында конго-қырым қанды безгегінен 38 жастағы тұрғын қайтыс болды. Дәрігерлер тиісті ем көрсеткенімен, жедел вирусты ауруға шалдыққан әйелдің өмірін сақтап қала алмады.

Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Айна Мұхамбетованың айтуынша, Жаңақорған ауданында тұратын науқас 3 тамызға қараған түні көз жұмған. Конго-қырым безгегін жұқтырған тағы бір науқас - Қызылорда облысының тұрғыны облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр, жағдайы тұрақты ауыр.

Аурудан көз жұмған науқас Жаңақорған аудандық ауруханасында мейірбике болып жұмыс істеген. Әріптестеріне организмі әлсіреп, дене қызуы көтерілгенін айтып шағымданған оны дәрігерлер дер кезінде ауруханаға жатқызған. Дәрігерлер үйде мал ұстайтын әйелді кене шаққан болуы мүмкін екенін айтады.

Соңғы рсеми мәлімет бойынша, биыл жыл басынан бері республикада 6242 адамды кене шаққан, оның мыңға жуығы Қызылордада тіркелген.

Дереккөз: azattyq.org

3 тамыз 2018, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.