Атырау, 23 желтоқсан 06:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Қырғызстанда тас көшкінінен зардап шеккен қазақстандықтар құтқарылды

926 рет қаралды


Қырғызстанның Скрябин мұздығында тас көшкінінен қаза тапқан қазақстандық пен басқа да туристер эвакуацияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі Қырғыз Республикасы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан құтқару қызметінің тікұшағы зардап шеккендердің барлығын құтқарып, Бішкек қаласындағы «Манас» әуежайына жеткізген. 

Еске салайық, 30 шілдеде Қырғызстан аумағында Бішкек қаласынан 40 шақырым қашықтықта Скрябин мұздығы ауданында бір топ туристер таудан құлаған тас көшкініне тап болған еді. Зардап шегушілердің арасында төрт Қазақстан азаматы бар. ҚР Сыртқы істер министрлігі оқиға кезінде қазақстандықтың мерт болғанын растады. 

Бүгін Қырғызстанға ҚР ТЖК Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қазавиақұтқару тікұшағымен туристерге көмекке аттандырылды. 

Дереккөз: inform.kz

31 шілде 2018, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.