Атырау, 27 наурыз 04:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 481.83
€ 556.80
₽ 5.85

​Жамбыл облысында жүк вагондары рельстен шығып кетті

2 028 рет қаралды


Жамбыл облысында жүк вагондары рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұлттық компаниядағылардың айтуынша, оқиға 31 шілдеде сағат 08.05-те болған, жүк пойызы Мойынты - Шығанақ Қашқантеңіз - Жастар аралығындағы аумақта жүріп бара жатыпты. 

Сол кезде жүк вагондары жолдан шығып кеткен. Жүк вагондарының жолдан шығып кетуіне байланысты жолаушылардың бес пойызы уақытынан кешіктірілді.  

Астана - Сарыағаш жолаушылар пойызы өз бағыты бойынша жүре алмай тұр. Жолсеріктердің мәліметтері бойынша, вагондардың жолдан шығып кетуінің салдарын жою үшін шамамен бес сағат күту керек. 

Дереккөз: tengrinews.kz

31 шілде 2018, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.