Атырау, 9 мамыр 08:01
 ашықВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​БҚО-да 17 жастағы қызды әскерден келген жігіті өлтірген болуы мүмкін

2 371 просмотра


Дарьинск ауылының 17 жастағы түлегін жігіті зорлады және өлтірді деген күдікпен ұсталды. Ол жақында әскерден келген, алайда қыз онымен қарым-қатынасын үзген, - деп жазады "Уральская неделя". 

Басылымға сәйкес, қайтыс болған Дана Өтеғалиева енді мектепті бітірген және Ресейдегі жоғары оқу орнына түскен. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Дана сабағын жақсы оқыған және еңбекқор болған. 

"Олардың отбасы жақсы. Анасы ауруханада жұмыс істейді. Әкесі күзетші болып жұмысқа кірді, бұрындары поштада істеген. Дана сабағын жақсы оқыған. Шілденің соңында Ресейге барайын деп жүрген, онда грантқа түсті. Жазда Дана жергілікті мейрамхананың біріне жұмысқа тұрған", - деді жергілікті кафе иесі Жаңылсын. 

"Карате және самбомен айналысқан", - дейді БҚО-да қайтыс болған 17 жастағы қыздың жақындары. 

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Дана көктемде жігітпен кездесе бастаған. Аты Асхат Темірбаев, ол енді әскерден келді. Алайда, қыз жақында жігітпен қарым-қатынасын үзген. Оған жауап ретінде ол қыздан кегін алатынын айтқан.  

"Сол кеште Дананың анасы Нұрия ауруханада болған дейді. Қызды Асхат далаға шақырғанда әкесі ұйықтап жатқан. Ал ол қызды өлтірген. Кейін денесін ағаш түбіне лақтыра салаған", - деп қосты Жаңылсын. 

17 жастағы Дананың денесі табылған жер Жергілікті полиция орталығының хабарлауы бойынша, өлімге күдікті Асхат Темірбаев ұсталды. Істі облыстық Ішкі істер департаменті жүргізеді. Еске сала кетейік, қылмыс 28 шілдеде түнде болған.

Дереккөз: tengrinews.kz

31 шілде 2018, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.