Атырау, 24 сәуір 09:32
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Бішкек маңында Қазақстан азаматтары тасқұламаның астында қалды

1 513 просмотра


Қырғызстанда тасқұламаның салдарынан қазақстандық төрт турист зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бүгін Қырғыз Республикасының аумағында Бішкектен 40 шақырым жерде орналасқан Скрябина мұздығында бір топ турист тасқұламаның астында қалды. Зардап шеккендердің арасында Қазақстанның төрт азаматы бар. Алдын ала болжам бойынша, бір адам қаза тапқан. Біз оқиғаның мән-жайын анықтап жатырмыз", - делінген хабарламада.  

Айта кетейік, бұл іске ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері де кірісті. 

"Қазақстанның зардап шеккен туристерін эвакуациялау үшін тікұшақ жіберу мәселесі қарастырылып жатыр, олардың арасында РФ азаматтары да бар", - деді СІМ өкілдері.

Дереккөз: tengrinews.kz

30 шілде 2018, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.