Атырау, 9 мамыр 10:31
 ашықВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​Бурабайда табысын жасырған кәсіпкерлер қандай заңсыздыққа баратыны анықталды

1 834 просмотра


Бурабай курорттық аумағында қызмет етіп келген кейбір кәсіпкерлер өздерінің табыстарын төмендетіп көрсетіп, кассалық аппараттарды қолданбай келген. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Аталған департаменттің қызметкерлері Бурабай курорттық аумағында кәсіпкерлікпен айналысатын салық төлеушілердің кірістеріне талдау жасады. Осы орайда кәсіпкерлердің табысы бойынша мәлімет күдік тудырғандықтан, курорттық аумақтың бірқатар нысандарында хронометрлік зерттеу жүргізу шешімі жасалды. 

«Осындай бақылау барысында салықтық міндеттемелерін орындамайтын кәсіпкерлер анықталды. Бұл тұрғыда өздерінің кірістерін төмендетіп көрсетіп келген, бақылау-кассалық машиналарын онлайн режімде қоспаған, сондай-ақ салық заңнамасына қатысты өзге де бұзушылықтар белгілі болды»,  - делінген ведомство мәліметінде. 

Мәселен, мейрам күнінде аталған аймақтағы бір дәмхананың жұмысына талдау жасалды. Олар түскен ақшаны 33 000 теңге сомасында көрсетсе, ал хронометрлік зерттеу кезінде көрсеткіш күніне 350 000 теңгеден төмен болмаған. Яғни түскен ақша 10 есеге төмендетіліп көрсетілді. 

«Сонымен қатар, тағы бір қонақ үй кешенінде де кірістерін азайтып көрсету фактісі анықталды. 12 күнде қаржы айналымы 2 295 000 теңге болса, тек 6 күнді қамтыған хронометрлік зерттеуде айналым 3 700 000 теңгеге жетті», - деп нақтылады департамент өкілдері. 

Осы орайда ведомство бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта жалғастырмақ.

«Курорттық аумақтағы хронометрлік зерттеу нәтижелері салық заңнамасы бойынша бірқатар бұзушылықтарды анықтады. Бұл өз кезегінде кейбір салық төлеушілердің ашық жұмыс істемейтінін байқатады», - делінген  депатармент мәліметінде.

Дереккөз: inform.kz

30 шілде 2018, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.