Атырау, 31 қазан 12:54
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Енді Жоғары сотқа жүгінеді

2 206 просмотра

«Аудандық және қалалық соттардың адал жұмыстарының көрсеткіші шешімдердің өзгермеуі және жойылмауы болып табылады», - дейді Жоғары сот төрағасы Бектас БЕКНАЗАРОВ. Әңгімеге арқау болатын жағдай қалалық не облыстық сотқа балл қоспайды.

«МонтажСпецСтройКызмет»ЖШС медицина қызметкерлері тобының атынан редакцияға аға дәрігер Гүлнәр СҮНДЕТОВА хабарласқан еді:

- 2010 жылдың 10 қаңтарынан 1 қарашасына дейін біз Қарабатанда медициналық қызмет көрсеткен болатынбыз, бізді жұмысқа «МонтажСпецСтройКызмет» ЖШС-мен келісім-шарты бар Атырау теміржол ауруханасы медициналық қызмет көрсету үшін жалдаған болатын, - дейді Сүндетова. – Біз барлығымыз 14 адам, бәріміздің де теміржол ауруханасымен арада жасалған жеке еңбек шартымыз бар. Алайда, кейін біз жалпы лицензия алып, енді Қарабатанда өз бетімізше медициналық қызмет көрсете бастадық. Сондықтан да біз өз еркімізбен теміржол ауруханасынан жұмыстан шықтық, бірақ, аурухана басшылығы бізге есеп айырысу төлемдерін төлеуден бас тартты. 14 медицина қызметкерінің 8-ін сотқа беруге шешім қабылдадық.

Олардың шағымдары Атырау қалалық сотына 2011 жылдың 3 мамырында түсті. Бір жарым айдан соң бірінші инстанциялы сот «Атырау теміржол ауруханасы» тиісті емес жауапкер болып табылады деген шешім шығарған. Медицина қызметкерлері бұл шешім бойынша облыстық апелляциялық сотта наразылық білдіретін болып шешті. Алайда, 2011 жылғы 23 тамыздағы апелляциялық алқаның шешімі тағы да жауапкердің пайдасына шешілді, бірінші инстанциялы органның шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Өздерінің әрекеттерінің дұрыс екендігіне сенімді дәрігерлер Жоғары сотқа шағымданды. 2012 жылдың қаңтарында Жоғары соттың шешімімен бірінші инстанциялы соттың және облыстық апелляциялық соттың шешімдері жойылды. Азаматтық іс Атырау қалалық сотына басқа құрам бойынша қайтадан қарауға жіберілді. Ақыры, қалалық сот 2012 жылдың 6 сәуірінде медицина қызметкерлерінің талап арызын қанағаттандырды. Жауапкердің апелляциялық шағымын облыстық апелляциялық сот өзгеріссіз қалдырды. 

Оның нәтижесінде, есеп айырысу төлемдерінен басқа (шамамен 700 мың теңге), соңғы үш айдың зейнетақы жарналарын жауапкер моральдық өтемақы ретінде әрбір медицина қызметкеріне 20 мың теңгеден төлеуге тиісті. Сондай-ақ, адвокат қызметі үшін – 80 мың теңге және Астанаға Жоғары сотқа бару сапары – 30 теңге және мемлекеттік баж салығы – 24 мың теңге.

- Біз есеп айырысу төлемдерін төлемегеннен аштан өлгеніміз жоқ, бірақ осынау айқын мәселеде  әділдікке қол жеткізе алмағанымыз өкінішті, - дейді Г.Сүндетова. – Сондықтан да біз істің ақырына дейін баруға бел шештік. Бізге әлеуметтік қорғау басқармасында дауды текке көтеріп отырғанымызды айтты, ҚР ЕК 101 және 110-баптарына сәйкес, жұмыс беруші бізге жұмыстан шыққаннан кейін 3 күннен кешіктірмей өтемақы мен демалыс ақысын төлеуге міндетті. Осынау орын алған іс басқаларға сабақ болады деген сенімдемін.

«Атырау  теміржол  ауруханасы» - «Медициналық апаттардың теміржол госпиталі» АҚ  филиалы директорының орынбасары Серік ДОСЖАНОВ:

- Сот шешімін біз әлі қолымызға алғанымыз жоқ. Бірақ, Жоғары сотқа кассациялық шағым беруді көздеп отырмыз. Біз есеп айырысу төлемдерін төлеуден ешқашан бас тартқан емеспіз. Алайда, бұл жағдай біздің және «МонтажСпецСтройКызмет» арасындағы келісім-шартқа сәйкес, медицина қызметкерлеріне еңбекақыны осы компания төледі, сондықтан да өтемақы төлемдерін де солар жүргізуге тиісті. Оларда біздің барлық есепшоттарымыз және хат көшірмелері бар. Алайда, әзірге сот ісі аяқталмайынша, алдын-ала қандай да тұжырым айтуға болмас.

Адвокат Нұрлан ЖОЛБОЛОВТЫҢ комментарийі:

- Талап арыз берушілер «Атырау  теміржол  ауруханасы» - «Медициналық апаттардың теміржол госпиталі» АҚ  филиалының еңбек қатынастарында болған, сондықтан да соңғы және іс бойынша тиісті жауапкер ғана емес, қолданыстағы еңбек заңдылығының нормаларына сәйкес, барлық есептелген төлемдерді төлеуге тиісті тұлға. Бұдан басқа, қызметкерлердің заңды құқықтарын қатаң бұзған кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мүмкіндігін міндетті түрде жүзеге асыру керек деп ойлаймын. Менің ойымша, жауапкерлердің Жоғары сотқа сот шешімдеріне шағымдануы жағдайды олардың пайдасына өзгерте алады деп айта алмаймын.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

13 маусым 2012, 18:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.