2016 жылдың ақпан айында «Ембімұнайгаз» компаниясы Уаз кен алаңы негізінде «Цифрлық кен орны» пилоттық жобасын іске қосты, ол өзінің тиімділігін дәлелдеді: электр энергиясын тұтыну 35%-ға төмендеді, ұңғымалардың қолданыстағы қорын пайдалану коэффициенті артты, соның нәтижесінде қосымша 1360 тонна мұнай өндіру мүмкіндігі пайда болды, жерасты жөндеу жұмыстарының саны азайды және мұнайды өндіруді есепке алу жүйесі жетілдірілді.
«Ембімұнайгаз» АҚ «Цифрлық кен орны» жобасы экономиканы цифрландыру бойынша кеңейтілген кеңесте Елбасына таныстырылды және «Цифрлық Қазақстан» республикалық бағдарламасына енгізілді. 2017 жылдың қыркүйек айында «Мұнай-газ саласына арналған 10 үздік IT-жоба» IX ашық бүкілресейлік байқауда бұл жоба үздік болып танылды.
Қазіргі уақытта жинақталған тәжірибе «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ компаниялары тобында таралуда. АҚ мұнай мен газының барлық қорының шамамен 80%-ы шоғырланған кен орындарының тізімі жасалды. 2017 жылы «Ембімұнайгаз» компаниясы бойынша «Цифрлық кен орны» тұжырымдамасы Прорва кен орындары тобында енгізілді, ал, биылғы жылы «Жайықмұнайгаз» МГӨБ Жаңаталап кен орнында енгізілуде.
- Бүгін барлық дерлік ірі мұнай компанияларының құрамында интеллектуалдық кен орындары тұжырымдамасын әзірлеумен және енгізумен айналысатын бөлімшелер бар – Shell компаниясының «Ақылды кен орындары» (”Smart Fields”), British Petroleum компаниясының «Болашақтың кен орны» (“Field of the Future”), Chevron компаниясының “iFields” және басқалар. Интеллектуалдық кен орындары – бүгінгі күннің және болашақтың негізгі қажеттілігі, - деп мәлімдеді өзінің құттықтау сөзінде «Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы Ануар ЖАҚСЫБЕКОВ. – Алдағы бес жылда әлемдік мұнай-газ индустриясы интеллектуалдық кен орындарын жасауға 1 миллиард доллардан артық қаражатты инвестициялауды жоспарлауда. Бүгінгі форумның басты мақсаты – мемлекет пен бизнес, мұнай компаниялары мен IT-қызметтерін ұсынатын компаниялар арасында диалог құру.
Форум барысында делегаттарға 11 баяндама-таныстырылым ұсынылды, оның 8-і Microsoft, IBM, Schlumbereger сынды компаниялардың халықаралық сарапшыларымен жасалды. Сөз сөйлеушілер айтқандай, цифрлық технологияларды пайдалану мұнай кәсіпорындарына мұнайдың арзандауы жағдайында әлемдік сын-тегеуріндерге төтеп беруге мүмкіндік береді.
А.Жақсыбеков форумды өткізу идеясына қолдау көрсеткен ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне, ҚР Энергетика министрлігіне, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына және «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясына алғыс білдірді.
Schlumbereger компаниясының маркетинг бойынша вице-президенті Кахина АБДЕЛИ-ГАЛИНЬЕР:
- Біз мұнай ағынын қамтамасыз ету туралы емес, ақпараттық технологиялар мен бизнес өкілдерінде пайда болатын жаңа мәселелер туралы айтатын боламыз. Екі ірі бағыттың бірігуі туралы айтып, бір-бірімізге қолымызды созуымыз керек.
IBM компаниясының техникалық директоры Ойстеин ХААЛАНД:
- Мұнай бағасының Қазақстан экономикасына әсер етуін есепке алумен цифрлық технологиялар үшін қосымша мүмкіндіктер пайда болады. Сапалық ілгерілеу жасауға болады. Және тек өзгеріп қана қоймай, дамуды тежейтін балластан құтылу мен басымдықтарды дұрыс белгілеу сияқты әлдебір жаңалық ойлап табуға болады.
Microsoft компаниясының коммерциялық директоры Мэтт ДРЕЙК бұлтты технологиялардағы жаңа зерттемелер туралы айтып берді.
Спикерлерге көптеген пәндік сұрақтар қойылды, олар сұрақтарға түсінікті әрі анық жауап беруге тырысты. Сондай сұрақтардың бірі К. Абдели-Галиньер ханымға қойылды:
- Енді талапкерге өмірін мұнай саласымен байланыстыру керек пе? Жоғары оқу орнына түскенде қандай мамандықты таңдау қажет? - Мұнайшы мамандарды дайындайтын ЖОО-на келетін талапкерлердің ағыны әлі де жоғары. Олар батыл түрде геолог болып және оған қосымша IT-технологиялары саласында мамандана алады. Жұмысынан айырылған қызметкерлерді қайта оқыту керек. Мысалы, «Статойл» компаниясы өзінің корпоративтік университетін құрды, Exxon компаниясының өз кампусы бар, онда адамдар жаңа мамандықтарға ие болып, қайта сұранысқа ие болады. Schlumbereger компаниясы да ұзақ жолдан өтті. Бізде 50 тәжірибелік-өнеркәсіптік жоба іске асырылды, ал, болашақта барлық қызметкерлер IT-технологияларын көп меңгеретіні анық.