Атырау, 19 желтоқсан 10:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Назарбаевтың сапарын жазған басылымдар "клептократияны" айтты», «Мұхтар МАҒАУИН: Билік қазақтың мүддесімен санасып отырған жоқ», «Шүкеев жүрген жерде шөп шыға ма?», «Президент халыққа көп қарыз екенін мойындады», «Қоғам ұстаздарды құлақкесті құл етті»

2 718 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Назарбаевтың сапарын жазған басылымдар "клептократияны" айтты» - Батыс баспасөзі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары жайлы жазғанда Орталық Азиядағы бұл елді "клептократия" деп атаған, бірақ Вашингтон үшін Астананың стратегиялық маңызы барын да көрсеткен. Назарбаевты "байсалды" және "кемеңгер" лидер деп сипаттаған.

«Джордж Крол: "Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынасы дами түседі"» - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонға сапарын аяқтады. АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық қауіпсіздіктен бөлек қандай мәселелерді талқылады? АҚШ-тың Қазақстандағы қазіргі елшісі Джордж Крол Азаттыққа Назарбаевтың АҚШ-қа сапары туралы айтып берді.

«Бюджет талдаудың тұрмыс деңгейіне ықпалы бар»  - "Құқықтық және экономикалық реформаларды қолдау орталығы" қоғамдық бірлестігі директоры әрі бюджетті талдаушы Әсел Қырықбаева азаматтарға республикалық бюджеттің қыр-сырын қалай түсінуге болатыны және бюджет жайлы ақпаратты жариялау мемлекет үшін неліктен маңызды екені туралы Азаттыққа айтып берді.

ABAI.KZ. «Мұхтар МАҒАУИН: Билік қазақтың мүддесімен санасып отырған жоқ» - Жазушы Мұхтар Мағауиннің шетел асып кеткеніне бірнеше жыл өтіпті. Мұның себебін сан-саққа жүгіртіп, тереңнен тамыр тартуға болар. Тіпті саяси астар іздеп, нешебір долбар жасауға да негіз табылар. Бірақ біздің бүгінгі айтпағымыз бұл ғана емес. Қаламгердің өзі елден кеткенмен, сөзі қара үзе қойған жоқ.

QAMSHY.KZ«The New York Times: Қазақ тілі – жазу-сызуы жоқ көшпелі малшылардың тілі» - The New York Times басылымы Қазақстанның латын графикасына көшуіне байланысты өз ойын білдіріпті. Бұл мәселені зерттеген автор Андрю Хиггинс (Andrew Higgins) Қазақстанға келіп, мамандармен пікірлескен екен. Qamshy.kz ақпарат агенттігі басылымның «Қазақстан апострофтарды есепке алмағанда, жаңа әліпбиді қабылдауға қарсы емес» (Kazakhstan Cheers New Alphabet, Except for All Those Apostrophes) деген мақаласын аударып, қазақтілді оқырманға ұсынып отыр.

RATEL.KZ. «Шүкеев жүрген жерде шөп шыға ма?» - Молдовалық кәсіпкер Анатолий Статидың шағымы бойынша Ұлттық қордағы активтер бұғатталғанда инвесторлармен болған қарым-қатынастағы романтикалық кезең аяқталды. Біздің Статиді барынша зұлым етіп көрсетуіміз өзіміз үшін керек. Ал Еуропада керісінше. Қазақстандағы құбылмалы  инвестициялық климатынан зардап шеккен кәсіпкерге барынша қолдау көрсетіліп жатыр.

«Президент халыққа көп қарыз екенін мойындады» - «Бұл қайғылы оқиға біраз жұмыстарды реттеу керегін көрсетті. Адамдар өз елімізден жұмыс таппаған соң, басқа елден жұмыс іздеуге мәжбүр болды», - дей келе, Мирзиеев бұл қайғылы жағдай президенттің және жұмыссыздық мәселесін шешуге тиіс сала қызметкерлерінің жұмыспен қамту проблемасын шешпегенін дәлелдейтінін ашық айтты.

«Болашағымыздың көрін өз қолымызбен қазып жатырмыз» - Мен біздің соттарға сенбеймін. Мен біздің дәрігерлерге сенбеймін. Мен біздің заң орындарына сенбеймін. Бәрі сатылады, бәрі сатып алынады. Соқыр емеспін, көріп, естіп жүрмін. Мен өз фильмдерімді, кітаптарымды насихаттау үшін ел ішін аралаймын, халықпен көп сөйлесемін. Қай өңірге барсамда бір сарын. Елден маза кеткен. Іштей күйзеліп, түйіліп жүр. Шарасыздық бар, шамырқану бар. Олардың уысынан үміттің соңғы жібі сусып барады. Менің бұны ойдан шығарып, жағдайды ушықтырмақ ниетім жоқ. Бар болғаны фактілерді тізіп отырмын.

«Қоғам ұстаздарды құлақкесті құл етті» - «Боралдайдың бір мектебінде мұғалімді ата-ана сабап тастапты. Ұстаздың миы шайқалыпты. Ажыратқан әріптесі де оңбапты». Міне, осы аптаның сұмдығы. Масқара ғой. Оқытушыға тап берген әлгі әйел мен сіңілісі «Баламды ұрыпты» деп ақталар, қарсы шағым түсірер. Екі тарап ымыраға келер.

EGEMEN.KZ. «Құның қанша, құтыдағы құлыншақ?» -  Бар байлығын бауырындағы баласымен өлшеген қазақ қу бас атанудан қатты қорыққан. Ертеде баласыз адамдардың мойнына көгеннің бұршағын салып, тәңірден бала тілеу әдеті де осы сөзіміздің айғағы болса керек.


22 қаңтар 2018, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.