Атырау, 19 желтоқсан 10:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Айдос Сарым: Ерім деген ел болмаса...», «Комиссия: Өрт құрбандарының кім екенін анықтау қиын», «Цукерберг Facebook-тың саясатын не үшін өзгертеді?», «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін жекешелендірген дұрыс па?».

2 716 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Қанат Ибрагимов: "Адамжегіштер аралынан құлдар кемесіне түстім"» - АҚШ-қа эмиграцияға кеткен қазақстандық суретші Қанат Ибрагимов шетелге саяси себептерге байланысты және Қазақстанда өзінің де, елдің де болашағы жоқ деп санайтындықтан кеткенін айтады.

«Ауған жігіттерінің телефон арқылы Тәжікстаннан қалыңдық іздейді» - Ауған жігіттері Пяндж өзенінің арғы бетінен қалыңдық немесе көңіл жарастыратын қыз-келіншек іздеу үшін Ауғанстанның Тәжікстанмен шекаралас территориясында қолданылатын тәжікстандық sim-карталарды жиі пайдаланады. Бірақ шетелдіктердің телефон қоңыраулары кей абоненттерге қолайсыздық тудырады.

«Комиссия: Өрт құрбандарының кім екенін анықтау қиын» - Ақтөбе аймағында автобустағы өрттен қаза тапқан 52 адамның 44-і облыс орталығына жеткізілді. Қайғылы оқиғадан аман қалған 5 адам Ақтөбе ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер олардың өміріне қауіп жоғын айтады.

ZHASALASH.KZ. «Трамп неге авторитарлық елдің автократ басшысын қабылдады?» - Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапарын талқылап жатқан батыс басылымдарының бір тобы Қазақстан Солтүстік Корея мәселесі бойынша АҚШ-қа көмегін ұсынғаны жөнінде сөз қозғаса, енді бірі Д.Трамптың 98 пайыз дауыспен сайлауда жеңіске жеткен автократ басшыны қабылдағанын сынап  жазады.

"Жекешелендіруді әкімдер мен министрдің өздері жақсы түсінбей жүр" -  "Шынын айту керек, жұрттың жекешелендіру дегеннен жүрегі шайлығып қалған. Өткен ғасырдың 90-жылдарының басында алып кәсіпорындар, талай мықты мекемелер, колхоз-совхоздар тарап, жекеге айналып, жұмысын жүргізе алмай жоқ болып кетті емес пе? Тіпті түс көргендей боп қалды ғой бәрі...

ABAI.KZ. «БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде қазақ тілі тағы да "сөз алды"!» - Атлант мұхитының ар жағында қаңтар айының 18-күні, ресми Вашингтонның уақытымен сағат 11:00-де Қазақстан төрағалық қызметіне кіріскен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысы басталды. Біріккен Ұлттар Ұйымы деп аталатын Халықаралық мәртебесі аса зор ұйымда Елбасы кезекті рет ана тілінде, яғни қазақ тілінде сөйледі.

«Айдос Сарым: Ерім деген ел болмаса...» - Өткен аптаның дүйім жұртты дүрліктірген жаңалығы – белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембайдың елден кетуі болды. Өткен ғасырдың 90-шы жылдары бастау алған қазақ бизнесмендері толқынының белді-белсенді мүшесі, қоғам қайраткерінің, ұлтжанды азаматтың елден кетуі көптеген адамның шынайы өкінішін тудырып, санын соқтырды. Егер біздің билік қолынан іс келетін, ой мен іс адамдарынан қудалап, аяусыз шетке ығыстыра беретін болса елде кім қалмақ?

QAZAQTIMES.COM.  «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін жекешелендірген дұрыс па?» -  Бір екі күн бұрын Қазақстанның БАҚ құралдары "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ осы жылдың соңына дейін жекешелендірілуі мүмкін екені туралы хабарлады. Бұған "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасының орынбасары Ғалымжан Тәджияқовтың мәлімдемесі себеп.

SERKE.ORG. «Цукерберг Facebook-тың саясатын не үшін өзгертеді?» - "2018 жылғы біздің басты бағыттарымыздың бірі – Facebook-ке кеткен уақытымыз тиімді жұмсалғанына көз жеткізу. Біз Facebook-ты адамдармен әрдайым байланыста және біз үшін маңызды жандармен жақын болуға көмектесу үшін жасадық. Сондықтан біз әрқашан достарымыз бен отбасымызды жобаның негізі санаймыз. Зерттеулерге сүйенсек, қарым-қатынасты нығайту біздің жағдайымыздың жақсарып, көңіл-күйіміздің көтерілуіне алып келеді.


19 қаңтар 2018, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.