Атырау, 19 желтоқсан 10:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Аузынан сөзі, қойнынан бөзі түскендер», «Назарбаевтың бастмасын Лавров қолдамады», «АҚШ бәрін біледі», «Евгений Жовтис: Әкем Мағжан үшін қуғындалды», «Қытай ақпараты: “Қазақстан – қатерлі көрші”», «Грузия екі оттың ортасында қалды».

3 393 просмотра

ABAI.KZ. «"Тобол" үшін қор болған қайран байлық?» - Еліміздегі футбол клубтарының жайы баспасөз бетінде жиі қозғалатындығын айтсақ, аса қателесе қоймаспыз. Онда да мұндағылардың шебер ойындарының таң қалып, ауыз ашқандықтан емес. Мұндай қуанышқа жақын арада жете қоймаспыз. Жалпы біздің жігіттердің еуропалық немесе америкалық аяқдобшылармен бүгін-ертең түгілі, нешеме жылдардан кейін де тайталаса, тең ойнауы таңғажайып ертегі тектес дүние шығар.

«Назарбаев пен Трамптың кездесуі. Хафиздің жанайқайы» - Ақорданың да ресми ақпараты қос елдің басшыларының биылғы жылғы бірінші жүздесуін Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етуімен тікелей байланыстырып отыр.

365INFO.KZ. «АҚШ бәрін біледі» - Назарбаев пен Трамп кездесуі туралы экономистер не дейді?

«Жүр осылай, жақсы болса…» - «Пәмиті» нашар министр Сағынтаевтан ұрыс естіді. Бақытжан Сағынтаев жекешелендіру бойынша шикі баяндама жасаған ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовті сынға алды.

AZATTYQ.ORG. «Министр мектептегі хиджаб дауына жауап берді» - Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев арнайы мектеп-медресе ашып беруді сұраған ата-аналардың өтінішіне жауап берді. Министрдің айтуынша, мұндай мектептер ашуға мүмкіндік бар.

«Кәсіподақ: АМТ жалақы өсуіне қатысты "асығыс" мәлімдеме жасады» - "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы қаңтардың 17-і күні металлургтар мен шахтерлердің жалақысын төлеу тәртібі өзгергенін хабарлады. Ал кәсіподақ жалақы мәселесі біріккен комиссияда енді талқыланатынын айтады.

«Грузия екі оттың ортасында қалды» - Вашингтон мен Брюссель Әзербайжан сотының оппозициялық журналист Афган Мухтарлыға қатысты үкімін айыптады. АҚШ пен Еуропа одағы Тбилисиден Мухтарлыны Грузия астанасынан ұрлап әкету жайттарын жан-жақты тексеруді талап етті.

24.KZ. «Бельгияда оқушылар сабақты киіз үйде оқып жүр» -  Еуропада киіз үйге сұраныс көп. Бірі қонақ қабылдап, пайда тапса, бірі оны баспана ретінде пайданып келеді. Бұл өз алдына. Бельгиялық оқушылар киіз үйде тіпті білім алып жүр.

RATEL.KZ. «Салтанат Байқошкарова: Қыздар несиесін өтеу үшін аналық жасушасын тапсыруда» - Маманның айтуынша, елімізде бала туатын уақытты өткізіп алған келіншектер көп. 

«Қазақстан Президентінің сапары АҚШ үшін неге маңызды» - Ал, енді АҚШ Орталық Азиядан не күтіп отыр? «АҚШ Орталық Азиямен анағұрлым тұрақты стратегиялық өзара қарым-қатынас орнатуы керек, ал Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақ үйге келуі - оның тамаша бастамасы», - деп атап өтті The Daily Signal.

«Сирия мен Ирактағы соғысқа Атыраудан 48 баланы алып кеткен» - Соңғы төрт жылда Сириядағы соғысқа аймақтан 92 адам аттанған. Сирия мен Ирактағы соғысқа Атырау облысынан 48 бала кеткен. Оларды өздерімен бірге ата-аналары алып кеткен екен. Бұндай ақпарат ҚР ҰҚК-ті Ratel.kz cайтының журналисттік сауалының ресми жауабында  айтылды. 2014 жылы 25 атыраулық «ерікті» Шамға аттанса, 2015 жылы 16 адам кеткен. 2016 жылы болса Атырау қаласының үш тұрғыны Араб мағрипатындағы майданға кетіп қалған. Барлығын қосқанда 44 адам. 

«Евгений Жовтис: Әкем Мағжан үшін қуғындалды» - Белгілі құқық қорғаушының әкесі Александр Жовтис және Мағжан Жұмабаев, сондай-ақ, Алаш төңірігенде берген сұхбаты.

DALANEWS.KZ.  «Назарбаевтың бастмасын Лавров қолдамады» - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған сапары іргедегі көршіміз орыстардың шымбайына батып кеткендей. Әсіресе Назарбаевтың қауіпсіздік саласы бойынша Америкамен «C5+1» форматында (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және АҚШ) ынтымақтастық орнатуға ықылас білдіруі Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров қолдаған жоқ.  

TURKYSTAN.KZ. «Аузынан сөзі, қойнынан бөзі түскендер» - Өткен аптадағы Үкімет отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ұсыныс білдірді. Яғни, Қаржы министрі бюджет қаржысын игере алмаған орталық мемлекеттік органдар, министрдің орынбасарлары мен комитет төрағалары деңгейіндегі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылуы керектігін атап өтті.

INFORMBURO.KZ. «Мұғалімдердің жалақысы қалай өседі? Есептейік» - 2018 жылғы қаңтардан бастап 1, 2, 5, 7 сынып мұғалімдерінің жалақысы артты. Ал, біліктілікке байланысты үстемақы тек тесттен өткендерге беріледі.

ULT.KZ. «Қытай ақпараты: “Қазақстан – қатерлі көрші”» - Шынтуайында, Қытай Қазақстан туралы не ойлайды? Түркиямен тізе қосқанымызды неге қаламайды? Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінен қандай қауіп күтеді? Қазақстандағы қазіргі саяси жүйенің сақталғаны Қытай үшін неге маңызды? Қытайлар ең көп қолданатын WeChat  әлеуметтік желісіндегі мақаланы ықшамдап, ең “өткір” тұстарын аударып бастық. Мақала аталмыш желідегі “Тянь Тай Шань” тобында жарияланыпты. Авторы көрсетілмеген. Жоғарыдағы сауалдарға жауап іздепті. Не дегісі келді, не ойлайды, нені аңсайды?.. Қытай билігі әдетте мұндай жазбаларға қырағы қарап, “қырпып” отыратын еді, бұл мақаланың кеңінен талқылануына неге көзжұма қарап отыр? Бірге талқылайық.


18 қаңтар 2018, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.