AZATTYQ.ORG. «Ирандағы қарсылық фольклоры: ұрандар» - Иранда ұйқасты, ырғақты, өлең формасымен қолданылатын ұрандар билікті қолдау үшін ғана емес, оны сынау үшін де айтыла бастады. Бұдан 39 жыл бұрын монархияға қарсы ұрандар көтерілсе, елден қудаланған Иран шахын соңғы толқуда кері шақырғандар да болды.
«Ресейде жүздеген тілге қауіп төніп тұр» - Биыл қаңтардың басында ЮНЕСКО жойылып бара жатқан тілдердің жаңартылған атласын жариялады. Ұйым есебінше, Ресейде 136 тілге қауіп төніп тұр. Қазір 20 тіл жойылып бара жатыр, тағы 22 тіл мүшкіл халде деп деп танылды.
«Ақтөбе мен Манхэттен арасындағы офшор жолы» - Батыс басылымдары Трамп серіктерінің қазақстандық бизнесмендермен "ықтимал байланысы" туралы жазды. Бұған қоса, Қазақстан мен молдовалық бизнесмен Анатол Стати арасындағы сот істері және Қорғастағы сауда-саттық жайы сөз болған.
QAMSHY.KZ. «Айдос Сарым. Абылайдың түсі-ай! Біттік, осымен, біттік!» - Қай сайтты ашып қалсақ та көретініміз бір жылда фамилиясын үш ауыстырған Баян, түнгі клубта қыздарды шешіндірген Байзақова, көрермендерін боқтаған әнші Төреғали, тағысын тағы. Егер басқа елден келген біреу-міреу қазақ баспасөзін шолитын болса: «Мына қазақтар қандай бақытты халық! Талқылайтын тақырыптары қалмай, өнер жұлдыздарын күні-түні талқылайды!» дейтіндей халге келер еді...
RATEL.KZ. «Асқар Мырзахметов қалай әкім болды» - Өткен апта ішінде елімізде түрлі салаларда бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. ҚазАқпарат өткен апта ішіндегі осы және өзге де тағайындауларға шолу жасайды.
«Мадияр Серікбаев: Жат ағымға қатысымыз жоқ» - "Өнер қырандары" театр әртістерін түрлі ағымдарға жатқызатындығын естиміз.
«Бізде әлі бірыңғай ұлт қалыптасқан жоқ» - Саясаттанушы Мұхтар Сеңгірбай Қазақстан президентінің Жолдауы туралы.
QAZAQTIMES.COM. «Әміржан Қосанов: Билік пен экономиканы кландар бөліп алған» - Мұнай саласына кім көрінген кіре алмайды. Осы скандалдың артында өте беделді тұлғалар мен топтар тұруы мүмкін! Сондықтан да мәселеінң анық-қанығына жетіп, ел бюджетіне орасан зор нұқсан келтірмеу үшін тәуелсіз, құрамында қоғам өкілдері бар комиссия құрылуы тиіс. Оның жұмысы барлық БАҚ-та жан-жақты көрсетілуі керек.
«Трамп Иранға қыл бұрау салып, қыса түспек» - Өткен аптаның жұма күні АҚШ президенті мәлімдеме жасап, 2015 жылы жасалған Иран ядролық келісіміне айтарлықтай өзгертулер енгізілмейтін болса Құрма Штаттардың келісімнен шығып кететінін айтты.
«От пен судай отаса алмаған Оңтүстік және Солтүстік Кореяның татулығына не себеп?» - 2017 жылы әлемнің саяси-экономикалық тұрақтылығы, даму бағыты Солтүстік Кореяға тікелей байланысты болды.
AIKYN.KZ. «Қытай мен Жапония арасындағы дау қашан шешіледі?» - Жалпы аумағы небәрі 6 шаршы шақырым болатын сегіз кішкентай арал ондаған жылдан бері Қытай мен Жапонияның арасындағы шешілмейтін түйткіл болып тұр. Бірнеше рет жағдайды түзеуге бағытталған шараларға қарамастан, 2018 жылы территориялық дау жаңа қарқынмен күш алатын сияқты. Өйткені қаңтар басталғалы бері қытайлық корабльдер Сенкаку аралына екі рет жақын келіп Токионың наразылығын тудырды.