AZATTYQ.ORG. «Президент жолдауында не жаңалық бар?» - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдау туралы пікір айтқан кейбір мамандар аграрлық саланың аталғанына қуанса, бірқатары «іспен қабыспайтын құр қайталау сөз» деп бағалады.
«ТВ-дан бұдан ашық әңгіме күту – аңғалдық» - Қазақстан телеарналарындағы соңғы бір жылдағы өзгерістер мен жаңалықтар жайында осы тақырыпты біраздан бері зерттеп жазып, шолу жасап жүрген журналист Сәкен Сыбанбай Азаттыққа сұхбат берді.
«Экстремизм енуге саңылау іздейді» - Қырғызстанда былтыр экстремистік және террорлық сипаттағы ақпарат таратқан 150-ден аса веб-сайт бұғатталған. Олардың көпшілігі елде қызметіне тыйым салынған ұйымдармен байланысты болған. Діни сарапшылар жастарды әлеуметтік желілер мен веб-сайтта арқылы азғыру әлі тыйылмай тұрғанын айтады.
INFORMBURO.KZ. «Қазақтар ирандықтарды неге "қызылбас" деп атаған?» - XVI-XVIII ғасырларда "Қызылбас елі" қазақтармен жиі шайқасқа түскен. Соған қарамастан екі ел арасындағы мәдени, әдеби байланыстар үзілмеген.
RATEL.KZ. «Биыл экономикамызды қандай қауіп-қатер күтіп тұр» - Соңғы мақалада өткен жылдың негізгі экономикалық нәтижелерін қорытындыладық. Бұл жолы біз Қазақстанның экономикалық жүйесінде туындаған негізгі қатерлерді талқылайтын боламыз.
AIKYN.KZ. «Бұғатталған ақша “тұтқыннан” қашан босайды?» - Өткен жылдың желтоқсан айында Ұлттық қордағы 22 млрд доллардың бұғатталғаны жария болды. Молдовалық кәсіпкерлер салған лаң, бізді әлі біраз дүрбелеңге түсіретін түрі бар.
«Әлемде не болып жатыр?» - АҚШ Ресейді тежеу үшін жаңа ядролық оқтұмсық құрастырмақ. Америка билігі ядролық қаруды қолдану әлеуетін шектеуді әлсіретіп, жаңа ядролық оқтұмсық құрастырады.
«Мұз айдындағы құрбандық» - Кейбір адамдар ырымға, наным-сенімге үйірсек келеді. Жолын ашу үшін бақсы-балгерлерге жүгінетіндер де бар. Әрине, одан кейін үміті жанып, тірлігі дөңгеленіп кетсе жақсы. Бірақ бір адам ғана емес, ырым-тыйымды мұз айдындағы тұтас бір команда жасап жатса, таңғалуға бола ма? Әрине, спорт тарихында мұндай деректер өте көп. Сондықтан бұл таңсық нәрсе емес.
TURKYSTAN.KZ. «Қасқыр да қас қылмайды бөлтірікке» - 1 қаңтардан бастап педофилдердің жазасын күшейту туралы заң күшіне енді. Сот шешімімен кінәлі деп танылған қылмыскерлерге енді химиялық кастрация түрінде мәжбүрлеп емдеу шарасы қолданылады.
«Акциз: ұтыс па, ұтылыс па?» - Бірінші қаңтардан бастап елімізде бір қорап темекінің ең төменгі бағасы 340 теңге болып бекітілді. Шілде айынан бастап тағы да 20 теңгеге қымбаттамақ.
NUR.KZ. «Балалар естімесін: Қазақ журналисі Баянның телехикаясын қатаң сынап тастады» - Танымал журналист Қайнар Олжай Баянның атышулы "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" телехикаясында кездесетін өрескел сөздерден мысал келтіріп, мұндай сөздерді балалардың естуіне мүлдем болмайды деген пікір айтты.