Атырау, 19 желтоқсан 11:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Зейнетақы қорындағы ақшаны қандай жағдайда алуға болады?», «Қажыгелдин: “Шенеуніктер шетелде жасырған байлықтың ізіне түстік…”», «Қонаев пен атышулы Сары Алмаздың әңгімесі», «Танымал саясаттанушы Назарбаевтың билікті кімге қалдыратынын айтып берді».

3 422 просмотра

DALANEWS.KZ.  «Ұлттық қордағы ақшаны қайда жұмсауымыз керек?» - Бәріміз білеміз. Екі жыл қатарынан жиған-тергенін шетелге тасыған олигархтарға Үкімет  «Ақшаларыңды елге әкеліп, заңдастарыңдар. Дағдарыс кезінде ел экономикасына сеп болсын» деп сауын айтты.

«Қажыгелдин: “Шенеуніктер шетелде жасырған байлықтың ізіне түстік…”» - Нью-йорк банкіндегі 22 млрд. доллар бұғатталған бұдан бұрын. Ертеңгі күнге деп сақтаған сыбағамыз еді. Алапат ақша. Ұлттық қордың 40 пайызы… Сергей Дувановқа сұхбат берген әйгілі Әкежан Қажыгелдин әлгі ақшаның Қазақстанға қайтар-қайтпасына қатысты болжам жасапты.

AZATTYQ.ORG. «Ирандағы наразылық жайлы қазақ диаспорасы не айтады?» - Соңғы күндері Ирандағы наразылық басты халықаралық жаңалыққа айналды. Азаттық Иранда тұратын қазақ диаспорасы өкілдерімен хабарласып көрді.

«Орамал тағатын оқушылар дауы басылар емес» - Ақтөбеде оқу жылының үшінші тоқсаны орамал дауымен басталды. Қаңтардың 8-інде облыстағы орта мектептердің басшылары орамал тартып келген оқушы қыздарды мектепке кіргізбей, үйлеріне қайтарды.

«"Әйелді ұру" жайлы уағыз дау тудырды» - Әлеуметтік желіде видеосы тараған "әйелді ұру" туралы уағызды көпшілік сынға алды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі "ескі" бейнетаспада "жеке адамның көзқарасы" айтылған деп түсіндірді. Әйел құқығын қорғаушы белсенді мен заңгер даулы уағызды "теңсіздік пен зорлық-зомбылықты насихаттау" деп бағалайды.

QAMSHY.KZ. «Абылай хан заманындағы қазақ-қырғыз қарым-қатынастарының тарихынан» - 1760 жылдары  Абылай ханның Жоңғариядан жаңа босаған Шығыс өлкені бейбіт игеру саясатына қырғыз тайпаларымен жиілеп кеткен шиеленістер теріс әсер ете бастады.  Екі арадағы жаугершіліктің басты себебі - Шу бойындағы шүйгін алқаптарға, Шығыс Түркістанмен арадағы сауда жолдарына талас.

365INFO.KZ. «Қонаев пен атышулы Сары Алмаздың әңгімесі» -  «Рыжий Алмаз» Қазақ Советтік Социалистік Республикасын ұзақ жылдар басқарған, ірі мемлекет қайраткері Дінмұхаммед Қонаевпен атамыздың өмірінің соңғы жылдарында кездескен. Бұл туралы Несіпбай Нәсеновтің досының (авторын белгілі бір себептермен айта алмаймыз) естелігінде тәптіштеп жазылған.

«”Объективті болайық…”. Асанәлі Әшімов Ерлан Біләл жайлы не деді?» - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер, М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры басшысы Ерлан Біләловтың отбасы актердің пара алып жатқан жерінде түсірілген суреті деп таратқандарды іздестіріп жатыр. 

«”Былай болады…”. Танымал саясаттанушы Назарбаевтың билікті кімге қалдыратынын айтып берді» - Танымал қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев президент, үкімет және парламент арасында билікті қайта бөлу жөніндегі Қазақстанда басталған саяси реформаға пікір білдіріп, сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевтың орнын кім басуы мүмкін деген адамдардың есімін атады.

«Баянмен неге алыстыңдар!..» -  Жақында ғана ұлттық арнадан көрсетілген «Қозы-Көрпеш Баян-Сұлу» эпосына байланысты телехикая қоғамда қызу талқыланып жатыр. Сын мен мадақ қатар айтылып, жұрт пікірі қақ жарылған өнер туындысы турасында Qamshy порталына ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман пікірін білдірген екен.

ABAI.KZ. «Елбасыдан "кешірім сұрауды" үйрен, шенеунік!» - Осыған дейін парақорлықпен һәм қызметін асыра пайдаланып істі болған қаншама шенеунік Елбасыдан кешірім сұрады. Олардың талайы бостандыққа шықты.

TURKYSTAN.KZ. «Зейнетақы қорындағы ақшаны қандай жағдайда алуға болады?» - Қазақстанда зейнет жасына жетпей зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалануға мүмкіндік бар ма? Зейнет жасына қамданғандардың шотында қанша ақша болуы тиіс? Бұл сұрақтарға Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Аймақтық даму және клиенттер қызметінің басшысы Асхат Мұқамедов КТК арнасына берген сұхбатында жауап берді.


9 қаңтар 2018, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.