AZATTYQ.ORG. «Иранда не болып жатыр?» - Ираннның «қасиетті» қаласы Мешхедте басталған наразылық акциясы оныншы күні елдің 100-ден астам қаласын қамтыды.
«Қытаймен интеграция - Ресей ықпалын азайтудың жалғыз амалы» - Батыс баспасөзі Қытайдың "Бір белдеу - бір жол" жобасының дамуы мен Қорғастың тыныс-тіршілігін сипаттаған. Бұған қоса, Financial Times газетінің Қазақстан астанасын көшіру туралы мақаласына ресми Астананың жауабы жарияланған.
«Ерлан Біләлдің "пара алмақ болғаны әшкереленді"» - Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры, актер Ерлан Біләлдің "пара алмақ болғаны әшкереленді" деп хабарланды.
«Компьютеріңізге не қауіп төнгенін білесіз бе?» - Технология компаниялары компьютер мен смартфон процессорларының қауіпсіздігіне төнген жаңа қатерлердің жолын алмақ болып жанталасып жатыр.
RATEL.KZ. «Рейтингті Баянсыз да жасауға болады» - Белгілі журналист Ұлттық арна басқарушысы Ерлан Қаринге ренішін жеткізді.
QAZAQTIMES.COM. «Ядролық соғыс қауіпі қай деңгейде: кімде қанша ядролық қару бар?» - Өзінің ядролық қаруларынан бас тартқан Қазақстан бүгінде дүние елдеріне ядролық қарусыз әлем құруды ұсынып келеді. Дегенмен, соңғы кездері әлем елдері арасында қақтығыстар жиілеп, ядролық соғыс қаупі күшейе түсті. Солтүстік Корея өткен жылы ядролық бағдарламаларды дамытуда тың нәтижелерге қол жеткізді. АҚШ президенті Трамп елдің ядролық арсеналын толықтай жаңартуға бұйрық берді.
«АҚШ-тың көмегінсіз қалған Пәкістан жағдайы не болады?» - Пәкістандағы АҚШ-тың әрекетін сынаған шеруден көрініс. АҚШ-тың Пәкістанға бағытталған қауіпсіздік саласындағы қаржылай көмегі Исламабадтың Ауғанстан талибтері мен Хакки террористік желісіне қарсы күресінде елеулі нәтижелер көрсете алмағаны үшін тоқтатылды.
«Трамп жанынан тастамайтын қара сөмкеде ядролық соғыстың кілті бар ма?» - Осыдан екі күн бұрын Солтүстік Кореяның ең жоғары басшысы Ким Жоң Ун (Ким Чен Ын/Kim Jong Un) ядролық қаруды іске қосатын қобдишаның жұмыс үстелінің үстінде тұрғанын ескерту ретінде айтты.
QAZAQUNI.KZ. «Жүрсін Ерман: Айтыскерлер арасында теріс діни ағымға түсіп кеткендер бар» - Айтыс төңірегіндегі тартыс! Қызыл сөздің шешендері халықтың мұң-мұқтажын жырлаудың орнына, қазір бір қазанда бастары піспей жүр. Тіпті бір сахнада отыра алмайтын күйге жеткен.
ABAI.KZ. «Көпен Әмірбек. Шын өнерді қорлаған сериалды қорғауға бола ма?» - «Баян Сұлу" сериалы - сенімсіз, жасанды, халыққа көрсететіндей деңгейде емес».
SERKE.ORG. «Әншілер қазақ болудан неге қашады?» - Осыдан біраз бұрын өнер адамдары, оның ішінде қазақ әншілері тегін ауыстырып, фамилиясын руының атымен атап, келеңсіз іс істеп жүргені туралы «Әншілер неге рушыл?» деген мақала жазғанбыз. Сұрақтың жауабы да берілген. Ол –халықтың рушыл сезіміне әсер ету арқылы пайда табу, дүние жинау.
AIKYN.KZ. «Қор біріксе, берекелі бола ма?» - Елбасы жақында БАҚ өкілдерімен құрған сұхбатында еліміздегі Ұлттық қор мен Зейнетақы қорын біріктіру туралы ұсыныс айтты. «Мәселен, Норвегияның жақсы тәжірибесі бар – олар зейнетақы және ұлттық қорын біріктірді.