AZATTYQ.ORG. «Жемқорлықпен күрестің қазақстандық ерекшеліктері» - 2017 жылы Қазақстанда жемқорлық дауына бірсыпыра шенеунік ілінді. Кей сарапшылар мемлекеттің "жемқорлықпен күресі" биліктегі түрлі топтар арасындағы мүдделер қақтығысы шеңберінен аса алмай отыр деп санайды.
«Қауіпсіздік Кеңесі төрағалығынан Қазақстан не ұтады?» - Қазақстан биылғы қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етеді. Астана мұны әлемдік деңгейде қол жеткізген кезекті жетістігі ретінде көрсетеді. Жергілікті сарапшылар "халықаралық кикілжіңдерде нақты позициясы жоқ Қазақстанның төрағалық етуі ешқандай нәтиже бермейді" деп есептейді.
«Омурбек Бабановтың саяси мансабы аяқталды ма?» - Омурбек Бабановтың "саясаттан біржола кетемін" деген мәлімдемесін Қырғызстан қоғамы әрқилы бағалап жатыр.
«Қоғамда дау туғызған заңдар» - 2017 жылы Қазақстан Конституциясына кезекті мәрте өзгерістер енгізіліп, жаңадан бірнеше заң қабылданды. Кей сарапшылар бірқатар сала бойынша енген заң өзгерістерін жақсылыққа жорыса, кейбірі қоғамда дау тудырған жаңа заңдар азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарын тарылта түскенін айтады.
QAZAQTIMES.COM. «Санкция шырмауындағы Солтүстік Корея сыртқы саудасын қалай жүзеге асырады?» - Солтүстік Корея санкциядан кейбір компаниялардың көмегімен жалтарып келеді.
7KUN.KZ. «ҚТЖ әлеуметтік көмек үшін 4,5 млрд теңге бөледі» - 2018 жылы ҚТЖ әлеуметтік көмек үшін 4,5 млрд теңге бөлуді қарастырып отыр. Бұл қаражат 2017 жылмен салыстырғанда 16 пайызға артық, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
EGEMEN.KZ. «Зейнетақы жүйесін зерделегенде...» - Иә, самайға кірген ақ жоғары өрлеп, көмірдей қара шашты боз қырау басар кәріліктің ауылы жақындаған сайын іштей мазасыздық билей бастаса, соның бірі – зейнетақы мәселесі. Дана халқымыз да «Еңбек түбі – зейнет» деп бекер айтпаса керек. Бірақ осы зейнеттің игілігін көруге көз бен көңіл жетпей тұрған сыңайлы. Қазіргі қоғамның ойы осыған саяды.
«Таңғажайыптар таусылмайды» - Алматының қақ жүрегіндегі осы бір тамаша ғимаратта қателесуге қақысы жоқ өнер өкілдерінің қатысуымен небір таңғажайыптар жасалып жатады. Мегаполистегі әрі байырғы әрі кенже дамыған жанрдың қара шаңырағындағы өзгерістер туралы Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Бақыт БӨКЕБАЕВПЕН әңгімелескен болатынбыз.
«2018. Қазақша жыл қайыруды білесіз бе?» - Қазақстан қой жылы Тәуелсіздік жариялады. Биыл үшінші рет ит жылына қадам басқалы отыр. Жалпы жыл қайыру туралы не білеміз? Жаңа жылды неше рет тойлап жүрміз?
ABAI.KZ. «Forbes Kazakhstan Құлыбаевті “жыл бизнесмені” деп атады» - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, «Атамекен» кәсіпкерлер ұлттық палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевты Forbes Kazakhstan журналы «жыл бизнесмені» деп атады.