Атырау, 19 желтоқсан 10:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«67-дегі Есімовке қызмет бұйырды. 55-тегі Мырзахметов қайда барады?», «Америкалық банктің Ұлттық қор қаржысын бұғаттауына не себеп?», «Трамп президенттігінің бір жылы», «Саакашвили синдромы немесе ішкі оппозициядағы сыртқы фактор».

2 497 просмотра

AZATTYQ.ORG.  «Қытай саудагерлері Қорғастағы "пара мен кедергіге" шағынады» - Financial Times шекарадағы Қорғас еркін сауда бекетінің қиындықтары туралы жазып, ол жердегі "ұзақ бөгеліс пен параға" назар аударған.

«Трамп президенттігінің бір жылы» - Дональд Трамптың президент болғалы бір жылдай уақыт өтті. Алайда оның танымалдығы Ақ үйдегі қызметіне кіріскен кездегіден гөрі төмен. Оның себебі неде? Президенттігінің алғашқы жылында Трамптың жеңісі көп пе, әлде жеңілістері көп болды ма? Дональд Трамптың сыншыларын не мазалайды? АҚШ-Ресей қатынасы оңала ма? Экономикадағы өсім Трампқа неге көмектеспей отыр?

ABAI.KZ. «67-дегі Есімовке қызмет бұйырды. 55-тегі Мырзахметов қайда барады?» - Өткен жолы ғана Елбасының өз қолынан "Еңбек Ері" деген атақты алған Ахаң, Ахметжан Есімов жаңа қызметке тағайындалды.

«"Парасатты" алды деп, парасатты боп кетпес...» - Адамзат тарихында үңілсек, небір атаққұмар-даңққұмар  адамдар  болған. Атақ  алу  үшін  жоғары  жаққа  жалған  ақпарат беру  немесе қолдап атақты адам жасау қаншама  империялардың  түбіне  жеткенін  біреу  білсе, біреу  білмес.

QAMSHY.KZ. «Саакашвили синдромы немесе ішкі оппозициядағы сыртқы фактор» - Бүгінде Грузияның бұрынғы презденті Михаил Саакашвилиді білмейтін адам кемде-кем шығар: оның әрбір қадамы туралы ақпарат әлемнің ең беделді баспасөзі арқылы тарап жатады, өзі де тыныш отырмайды, батыл, оғаш та оқыстау көрінетін қимыл-әрекеттерімен елді анда-санда бір шулатып қояды.

«Әміржан Қосанов: Француз түрмесінен шыққан соң, Әблязов қателік жасады» - Еліміздің белді саясаткерлері Мұхтар Әбязовтың халықты көшеге шығып, көтерілуге шақырып жатқан жатқан үндеулеріне қатысты пікірлерін білдіріп жатыр. 

QAZAQTIMES.COM. «Америкалық банктің Ұлттық қор қаржысын бұғаттауына не себеп?» - Кеше Reuters халықаралық ақпарат агенттігі америкалық The Bank of New York Mellon  Қазақстанның Ұлттық қорының 22 млрд долларына бұғат қойғаны туралы ақпарат таратты. 

«”Ши Жинпиң идеясы” Қытай экономикасын дамыта ала ма?» -  Қытай үкіметі Ши Жинпиңнің екінші өкілетті мерзіміне орай экономикалық даму жоспарын жария етті. 

RATEL.KZ. «Черчилльден Димашқа дейін» - Қазақ халқы ит жылын «ауыртпалықты артқа тастайтын, береке-бірліктің» жылы деп санайды. Ұлтымыз кие тұтатын жеті қазынаның да бірі - ит. Береке-бірлігі мол ит жылы қазаққа ақынды да, батырды да сыйлады. 

«Теолог: Көп әйел алуға қызыққандар дінді аяқасты етуде» - Талақ айтып, тез үйленіп ажырасу теріс бағыттағы діни ортада өршіп тұр.


25 желтоқсан 2017, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.