Атырау, 19 желтоқсан 11:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Өзгертілген БАҚ туралы заң қазақ журналистикасының бағы ма, соры ма?», «2017 жылы күлкілі ұсыныс жасаған 5 «үздік» шенеунік»,«Белсенді үшін "қысым мен қудалау" күшейген жыл», «Кеншілер ереуілінен не нәтиже шықты?», «Дональд Трамптың бір жылы».

2 266 просмотра

AZATTYQ.ORG.  «Белсенді үшін "қысым мен қудалау" күшейген жыл» - 2017 жылы Қазақстанда бірнеше азаматтық белсендіге қылмыстық айып тағылды. Жақтастары оларды ойдан құрастырылған іс бойынша қудалап жатыр деп санайды. Белсенділердің кейбірін "оппозициялық магнат Мұхтар Әблязовпен байланысы бар" деп айыптайды.

«Кеншілер ереуілінен не нәтиже шықты?» - Қарағанды облысындағы кеншілер төрт күндік ереуіл кезінде айтқан талап-тілектердің біршамасын жұмыс беруші орындады. Ал кейбір өтініштері іске асуы үшін заң өзгеруі тиіс.

«АҚШ банкі Қазақстан Ұлттық қорының қаржысын бұғаттады» - New York Mellon (BK.N) банкі "Рейтерс" агенттігіне Қазақстанның Ұлттық қорына тиесілі 22 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі активін бұғаттағанын хабарлады. Мұндай сирек шешім Қазақстан үкіметі мен молдовалық инвестордың арасындағы дау өршіген кезде қабылданған.

«Ресейде тараған ең танымал "фейк хабарлар"» - 2017 жылы "фейк хабарлардың" толассыз тарағаны соншалық, «Коллинз» ағылшын сөздігі бұл терминді «жыл сөзі» деп атады.

«Назарбаев жайлы фильмнің "коммерциялық құпиясы"» - Картина директорымен күні бұрын жасалған келісімге қарамастан, "Елбасы жолы" киноэпопеясының кезекті бөлімі түсіріліп жатқан алаңға Азаттық тілшісін кіргізбей қойды. Эпопеяның бұрнағы жылдары прокатқа шыққан бөлімдерінде Қазақстан президентінің балалық шағы, жастық шағы және егде тартқан кезі қамтылған.

QAMSHY.KZ. «2017 жылы күлкілі ұсыныс жасаған 5 «үздік» шенеунік» - Кей адамдардың қолына билік тисе өзінен төменгілерді билегісі, өзгелерді өзінің алдында зыр жүгіртіп, «билеткісі» келіп тұрады. Қолында билік бар кей шенділер елге жақсылық жасағысы келгендей кейіп танытып, ақылға қонымсыз  ұсыныс жасайтыны тағы бар.

 RATEL.KZ. «”Әділ сөз”: Парламент қоғам пікірін ескермеді» - Парламент бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа заңын әзірлеу кезінде халықтың ұсынысын ескермеген, деп есептейді сөз бостандығын қорғау жөніндегі «Әділ сөз» халықаралық қоры.

«2018 жылы қазақстандықтарды не күтіп тұр» - Нақты цифр негізінде болжам жасап танылып жүрген белгілі нумеролог Анар АМАН Sputnik Қазақстан тілшісіне 2018 жыл Қазақстан үшін қандай жыл болатынын айтып берді.

QAZAQTIMES.COM. «Өзгертілген БАҚ туралы заң қазақ журналистикасының бағы ма, соры ма?» -  Су жаңа өзгертулер мен толықтырулар енгізілген заң жобасы демесең, сыртынан қарағанда бұрынғы БАҚ туралы заң. Бірақ өзгертулер мен толықтырулардан кейін қазақ журналистері заң бойынша, осыдан былай қандай да бір адамның жеке басына (оның отбасына, банк деректеріне, дүние-мүлкіне) қатысты мәліметтерді тек оның рұқсатымен ғана жариялай алады. Бір сөзбен айтқанда жемқорлық жайында жазғың немесе айтқың келсе, сол адамнан барып «сіздің қанша қаржы жымқырғандығыңыз жайында жазуға, айтуға бола ма?» деп рұқсат сұрайсың. 

TURKYSTAN.KZ. «Дональд Трамптың бір жылы» - Миллиардер, бизнесмен, бұрын ешқандай мемлекеттік не саяси қызметте болмаған Дональд Трамп Айды аспанға бір-ақ шығарып, Америка Құрама Штаттарының 45-ші президенті болып сайланғанына бір жыл толды.

EGEMEN.KZ. «Сириядан әскер шығарудың сыры» -  Ресей президенті Владимир Путин өзінің Сирияға жасаған сапары кезінде ресейлік әскерлердің Сириядан шығарылатынын мәлімдеді. Ресей басшысының бұл мәлімдемесі саясаткерлер мен сарапшылардың назарын бірден аударды. Өйткені Ресей қарулы қақтығыстардың соңы азаматтық соғысқа ұласқан Сирияға әскерін кіргізген ірі екі елдің бірі. Ел аумағында Ресейдің де, АҚШ-тың да әскерлері түрлі операцияларға қатысты.


22 желтоқсан 2017, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.