Атырау, 18 желтоқсан 09:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Атырауда «Қарсылық жиыны» өтті

2 028 просмотра

28 сәуірде сағат 11-де Атырауда жергілікті ҮЕҰ-ның үш басшысы – Тоғжан ҚИЗАТОВА («Демос»),  Махамбет ХАКИМОВ («Каспий табиғаты») және Наталья ИВАСКЕВИЧ («Мегаполис») –  «Қарсылық жиыны» қозғалысы аясында наразылық акциясына шықты.

Жеңіс саябағындағысаясиқуғын-сүргінқұрбандарының ескерткішіне акция өтіп жатқан сәтте полиция жасағы келгенімен, олар митингіге шыққандардың санын көріп, кері кетіп қалыпты.

Акцияға қатысушылар ескерткіштің алдына гүл шоқтарын қойып, Жаңаөзен оқиғасына қатысты істің нақты тергелуін талап етіп, сөз сөйледі. 

– Қазір сотта полицейлердің озбырлықтары бойынша фактілер жария болып жатқанда, ол адамдардың саяси қуғын-сүргін  құрбандары екендігі түсінікті емес пе? Біз Жаңаөзенді ешқашан ұмытпаймыз және кешірмейміз, -деді Тоғжан Қизатова. Олар сондай-ақ, «Уральская неделя» газетінің тілшісі   Лұқпан АХМЕДЬЯРОВҚА қастандық жасаған кінәліні табуды талап етті.

«Қарсылық жиыны» 28 сәуірде Қазақстанның бірнеше қаласында өтті. Алматыдағы жиынға қатысқандар саны - 250 адам болды. Қатысушылар Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотты тоқтатуды және оралдық журналистке қастандық жасауға тапсырыс берушіні табуды  талап етті.

Сәния ТОЙКЕН

Суретті түсірген автор

2 мамыр 2012, 17:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.