Атырау, 11 наурыз 10:40
 ашықВ Атырау +7
$ 494.84
€ 537.40
₽ 5.58

«”Қазақстандық ұлт” - қандай ұлт?», «Жастардың 40 пайыздан көбі елден кеткісі келеді», «Қажымұқанның немересі жатақхана жағалап жүр», «Азия барысына айнала алдық па?», «Медициналық сақтандыру жарнасы сапалы ем алуға кепіл бола ма?».

2 466 просмотра

ABAI.KZ. «”Қазақстандық ұлт” - қандай ұлт?» - Біз, бәріміз мына бір әдепкі жағдайды бір ауыздан мойындаймыз: Шетелге Қазақстаннан барған қай ұлт өкілі болсын өзін «қазақстандықпын»  («казахстанец») деп, таныстырады. Ешкім да бірден «қазақпын», «орыспын» яки «кәріспін»  т.б.-мын деп жатпайды.

 JASQAZAQ.KZ. «Қажымұқанның немересі жатақхана жағалап жүр» - Рәзия апай туралы хабарды ел ағасы Сансызбай Мұқитановтан естіп едім. Шаңырағына бас сұғыпты. Хал-ахуалын білген. Тұрмыс-тіршілігімен танысқан.

EGEMEN.KZ. «Мемлекеттік сайттар атауы неге мемлекеттік тілде емес?» -  Қоғамда «орыс тілі – ресми тіл» деген қате түсінік бар. Конституциямызда мемлекеттік ұйымдарда және өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады делінген.

BAQ.KZ. «Вакцина салдырмағандар Меккеге кірмейді» – Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева діни сенімдеріне бола вакцина салдырмай отырған қазақстандықтарға ескерту жасады.

RATEL.KZ. «Қазақстан: экономикалық ғажайып» - Ұлттық экономика министрлігі оны жасай ала ма? Кейбір үкіметтің бастамалары таңқаларлық. Қазақстанды 2025 жылға дейін дамытудың жаңа стратегиялық жоспары да сондай сияқты. Мысалы, халықтың сатып алу қабілеттін өсіру.

AZATTYQ.ORG.  «13-мәслихаттағы 13 сөз. Путин не деді?» - Ресей президенті Владимир Путин жыл сайынғы дәстүрлі баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистер сұрақтарына жауап берді.

«Жастардың 40 пайыздан көбі елден кеткісі келеді» - Тамыр-таныс арқылы жұмысқа орналасу, карьера жасаудың қиындығы және өзге себептерге байланысты Қазақстан жастарының 40 пайыздан көбі елден кетуді жөн көреді.

INFORMBURO.KZ. «Медициналық сақтандыру жарнасы сапалы ем алуға кепіл бола ма?» - 2020 жылдан бастап сақтандыру жарнасын төлеген азаматтар сапалы ем алуға тиісті. Ала ала ма? Әлдеқашан сенімнен шыққан медицина саласына халықтың күдігі мол.

AIKYN.KZ. «Азия барысына айнала алдық па?» -  «Орта Азиядағы ең ірі экономика. ТМД елдерінде екінші орынды иеленетін ең белсенді нарық». Бүгінде шетелдік және отандық басылымдар Қазақстанды тілге тиек еткенде осылай сипаттайды. 


15 желтоқсан 2017, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.