Атырау, 19 желтоқсан 12:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Назарбаев айтқан шетелде қаржы активтері бар компаниялардың табысы қандай?», «Путиннің ықтимал төртінші мерзімі және Қазақстан», «Қазақ кітабы қолдауға мұқтаж», «Қазақстаннан қанша қаражат ұрланған?», «Күрежолға Атамбаевтың атын беру ұсынысы айтылды».

2 289 просмотра

AZATTYQ.ORG.  «Путиннің ықтимал төртінші мерзімі және Қазақстан» - Қазақстандық сарапшылар Путиннің Ресей президенті қызметіндегі кезекті мерзімі кезінде (сайлауда оның жеңетініне күмән келтіретіндер жоқтың қасы) Астана мен Мәскеу қарым-қатынасында қатерлер, атап айтқанда Қазақстандағы билік транзитіне байланысты қатерлер пайда болуы мүмкін деп топшылайды.

«Күрежолға Атамбаевтың атын беру ұсынысы айтылды» - Қырғызстан парламентінде экс-президент Алмазбек Атамбаевтың атын салынып жатқан Солтүстік-Оңтүстік күрежолына беру туралы ұсыныс айтылды. Жақтастар да табылғанымен, қарсы депутаттар да бар.

ABAI.KZ. «Қазақ кітабы қолдауға мұқтаж» - Халықаралық баспагерлер қауымдастығының мәліметі бойынша, дүние жүзінде кітап  шығару ең табысты бизнестің бірі: оның көлемі – 151 млрд доллар болса, кино индустриясы – 133 млрд  долларды құрайды екен. Яғни, шетелде кітап бизнесі кинодан қалысар емес.

TURKYSTAN.KZ. «Қазақстаннан қанша қаражат ұрланған?» - Соңғы он жылда елімізден миллиардтаған қаражат заңсыз сыртқа шекара асырылған.

«Алдыңдағы асың адал болса…» - Бүгінде тұтынушылардың барлығы дерлік дүкен сөрелерінен «халал» өнімдерді іздейтіні белгілі.

«Алтышарды Еуропаға алғаш ашқан» - Ғалым, ойшыл, саяхатшы Шоқан Уәлихановтың есімі Орта Азия мен Қазақстанды зерттеген құнды еңбектері арқылы көпке танылды.

«Тамара Қосыбаева: Аң-құстан бастап, ханшайымға дейін сомдадым» - Бүгінде тоқсанға келіп қалған Тамара апай өзінің екі бөлмелі үйін немересіне беріп, үлкен қызы Жанеттаның қолында тұрып жатыр екен. Есік алдында қызымен бірге күтіп алған актрисаның жүзі әлі де жарқын, екі бетінен нұр тамып, қызылшырайлана әдемі күлкісімен қарсы алды.

365INFO.KZ. «Енді ұқтыңыздар ма?» -  Мұхтар Тайжан орыстілді қауымның қалай өзгергенін айтты.

QAZAQUNI.KZ. «Желтоқсан куәгері: Алаңнан қашқандар қазір басшылық қызметте жүр» - «Қазақ жастары үшін қасіретті күні қазақ халқының ерлігі мен бірлігін әлем таныды».

 QAZAQTIMES.COM. «Балташтың батылдығы» - Тәуелсіздік талай тарландардың тұғырын биікке көтерді. Талай арландардың арманын жүзеге асырды. Тәуелсіздіктің арқасында қалықтағандар да, шарықтағандар да болды. Тіпті Тәуелсіздіктің тегін нанына семіргендер де, жілігін жыртқыштай кеміргендер де жетіп жатыр. Иә, бәрі бар, бәрі де болады... 

«Назарбаев айтқан шетелде қаржы активтері бар компаниялардың табысы қандай?» -  Бүгін Еуропалық одақ елдерінің орталығы Брюссель офшорлы аймақтағы елдердің "қара тізімін" жасап, салық саясатына байланысты олармен ынтымақтасудан бас тартуға келісті. Тіпті салық жүйесі ЕО стандартына сәйкес келмейтін 47 елді "сұр тізімге" қосты. 

8 желтоқсан 2017, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.