Атырау, 19 желтоқсан 12:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Белсенділер «терроризм» айыбына ілікті», «Исламсыз Өзбекстан немесе Шавкат Мирзиеев бір жылда не тындырды?» «Біз кімге жалтақтаймыз?», «Қазақ-қырғыз шекарасында кептеліс азайды», «Әліпби ауыстыру ісі. Қапы қалма, қазақ елі!».

2 290 просмотра

AZATTYQ.ORG«Белсенділер «терроризм» айыбына ілікті» - Құқыққорғаушылар елде Тәуелсіздік күні қарсаңында кезекті “белсенділерді қудалау” операциясы жүріп жатқанын айтады. Қазіргі кезде сот шешімі бойынша үш адам қамауға алынған.

«Қазақ-қырғыз шекарасында кептеліс азайды» - Азаттықтың Қырғыз қызметі "Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемелерінен кейін басталған қазақ-қырғыз үкімет дауы шешілді" деп жазады.

ABAI.KZ. «Біз кімге жалтақтаймыз?» - Жақында исі қазаққа аты мәлім бір жазушымыз Ташкентке барып келді. Өзбекстан астанасының сұлулығы, тазалығы, өзбек халқының кішіпейілдігі, өздерінің ұлттық мәдениетіне, ұлттық тіліне деген құрметі, әсіресе ұлттық намысы мен ұлттық сана-сезімінің өте биік екені туралы ұзақ әңгімеледі.

«Әліпби ауыстыру ісі. Қапы қалма, қазақ елі!» - Қазіргі қазақ осыншама микробтарды бойына дарытып, қатты сырқаттанған ұлт. «Ару батпандап кіріп, мысқалдап шығады» деген ата-бабаларымыз. Одан емделу оңай болмай жатыр. Сол емделудің бір жолы – алфавит ауыстыру болып тұрғанға құсайды.

«Диграфсыз және апострофсыз әліпби жобасы» - Үстіміздегі жылы қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу үдерісіне қатысты біршама пікірталастың да орын алғанын айта кету керек. Қызу талқыға түскен мәселеге мен де көңіл аударып, бей-жай қалмауға тырысып, өз әліпбиімді ұсынуды жөн көрдім.

365INFO.KZ. «Шаханов айтып тастады. Наурызды тойлауға кімдердің қарсы шыққанын білесіз бе?» - Кеңес кезеңінде ата-баба дәстүрімен сабақтасқан ұлттық мейрам Наурызды тойлауға тыйым салынды. Тек араға 62 жыл салып қана 1988 жылы Наурыз мейрамы қазаққа қайта оралған еді.

AIKYN.KZ. «Еліміздегі ағылшын тілінің деңгейі қандай?» - Әлемге танымал Education First English Proficiency Index (EF EPI) ұйымы кезекті зерттеулерін жариялап, Қазақстан халқының ағылшын тілін білу деңгейі «өте төмен» деген қорытындыға келіпті.

«Шекара түйіні шешілмек» - Көрші ел басшылығына жаңа президенттің келуімен Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қатынастардың жаңа кезеңі басталмақ. Оның алғашқы қадамы да жасалды.

 EGEMEN.KZ. «Құтыдағы бақыт» -  Бүгінде республика бойынша 14 мың әйел бедеу, 1 мыңнан астам еркек белсіз ретінде диспансерлік есепте тұр. Жалпы елімізде жыл сайын 20 мың жұп бедеуліктен зардап шексе, олардың 8 мыңнан астамы денеден тыс ұрықтандыру (ЭКҰ) әдісіне мұқтаж екен. 

QAZAQTIMES.COM. «Исламсыз Өзбекстан немесе Шавкат Мирзиеев бір жылда не тындырды?» - Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің президент болып сайланғанына бір жыл болды. 




 


 


 


 



 


5 желтоқсан 2017, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.