Атырау, 19 желтоқсан 12:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Қазақстан миллиондаған доллар параға қатысты жанжалға ілікті», «Адвокат: Қазақстан соты Боқаев пен Аянның шағымын қарамай қайтарады», «Маман зейнетақы жүйесіне енгізілген өзгерісті сынап тастады», «Әлікбек Жекшенқұлов: Саясаттан дұрыс кете білу де керек»

2 050 просмотра

AZATTYQ.ORG.  «Қазақстан миллиондаған доллар параға қатысты жанжалға ілікті» - Батыс баспасөзі Нидерланд компаниясын мұнай өндіру саласындағы ұтымды келісім-шарттар үшін шенеуніктерге пара берген деп айыптайтын әрі Қазақстанға қатысы бар коррупциялық жанжалды жазды.

«Адвокат: Қазақстан соты Боқаев пен Аянның шағымын қарамай қайтарады» - «Жер шеруіне» қатысып, бес жылға сотталған атыраулық белсенділер Талғат Аян мен Макс Боқаевтың қорғаушылары соттың әділ өтпегенін көрсеткен шағымдарының ескерілмегенін айтады. Халықаралық ұйымдар «ар-ождан тұтқыны» деп таныған түрмедегі екі белсендінің туыстары олардың денсаулығына алаңдайды.

«Орамал дауына қатысты ондаған арызды сот қарап жатыр» - Астана қаласының Есіл аудандық соты Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында тұратын 60-тан аса ата-ананың талап арызын қарап жатыр. Сотқа жүгінуге мектепте орамал тағуға қатысты туған дау себеп болған.

«Алматыда "Нұрдан" басталатын көше көбейеді» - Алматы мәслихаты қаладағы жүзден астам көшенің атауын жаңартуды ұйғарды. Орталықтағы Фурманов көшесі Назарбаев даңғылына айналып, қала бойынша "Нұр" сөзінен басталатын бірнеше көше пайда болмақ.

«Электрондық күнделікке сын күшейді» - Алматы облысындағы ауылдық мектепте электрондық күнделікті дұрыс толтырмағаны үшін директордың мұғалімдерге ескерту беруі әлеуметтік желіде ұстаздардың талқысына түсті.

365INFO.KZ. «Маман зейнетақы жүйесіне енгізілген өзгерісті сынап тастады» - Жаңа жылдан бастап, зейнетке шыққандар зейнетақы жинағындағы ақшасын бұрынғыдай бірден шешіп ала алмайды. Енді оны әр айға бөліп беретіндей қып қойды.

ABAI.KZ. «Алаш идеясын қолдаған  қазақ байлары. Олар кімдер еді?» - Алаштану ғылымының соңғы жылдары мән беріп қарастырып жатқан бағыты қазақ байларының Алаш идеясын қолдауына қатысты болып жатыр.

«Әлікбек Жекшенқұлов: Саясаттан дұрыс кете білу де керек» - Жуырда Алматыға Қырғызстанның бұрынғы Сыртқы істер министрі Әлікбек Жекшенқұлов мырза келіп қайтты.  Abai.kz ақпараттық порталының тілшісі Жекшенқұловпен жеке кездесіп, сұхбаттасып қалды.

QAZAQTIMES.COM. «2020 жылдан бастап мектептер жан басына қаржыландыру жүйесіне өтеді» -  Жан басына шаққандағы қаржыландыру 2018 жылы колледждерде, ал 2019 жылы мектептерде пилоттық жоба түрінде енгізіледі.

 «Бейжіңде Қытайда қамалған қазақтардың мәселесі көтерілді» - 1 желтоқсан күні  Қытайдың мемлекеттік төрағасы Ши Жинпиңге жазылған, Қытайдағы қамалған 112 қазақ тізімі бар хатты  Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Халықаралық істер департаменті меңгерушісінің орынбасары (министрдің орынбасары) Шэн Бэйли xанымға тапсырды. 









4 желтоқсан 2017, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.