Атырау, 19 желтоқсан 11:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Airbus компаниясы Қазақстанға қатысты тергеуге ілікті", "Теңге тағдыры ОПЕК қолында", "Қазақстан мен дамыған елдердегі зейнетақы мөлшері қандай?", "Жастардың 40 пайыздан астамы Қазақстаннан кеткісі келеді"

2 490 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Airbus компаниясы Қазақстанға қатысты тергеуге ілікті" - Қазақстан билігімен жасалған келісімді тексеру аясында Airbus халықаралық авиация концерні кеңсесінде тінту жүргізілді. Өткен аптада компания президенті Том Эндерсті Францияның коррупцияға қарсы істермен айналысатын тергеушілері 2010 жылы Қазақстанға спутниктер мен тікұшақтар сату ісіне қатысты куәгер ретінде тергеген.

"Назарбаев пен Қырғызстан туралы фильмге белсенділер наразы" - «Хабар» телеарнасы қарашаның 29-ы «Миссия миротворца. Кыргызский разлом» деген, Қырғызстандағы 2010 жылғы төңкеріс кезінде Қазақстан президенті Назарбаевтың бітімгер рөлін атқарғаны жайлы фильм көрсетті. Фильмде Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев көтерілісшілердің «іш киіміне дейін алып қалғанын» «ұяла отырып» айтады. Бішкекте наразылық акциясын өткізіп үлгерген белсенділер екі қорап іш киім алып шығып, оны Бакиевке жөнелтетінін мәлімдеді. Ал қазақ және қырғыз сарапшылары фильмнің не үшін көрсетілгенін түрліше жориды.

QAZAQTIMES.COM. "Қазақстан мен дамыған елдердегі зейнетақы мөлшері қандай?" - Көптеген зейнеткерлер құрметті еңбек демалысына шығып, негізгі табыс көзін жоғалтқаннан кейін зейнетақысы шетелге шығып демалуды былай қойғанда, азық-түлік,  дәрі-дәрмектер сатып алуға, коммуналдық қызмет ақысын төлеуге жетпей қала ма деп қорқады. Бұл әсіресе зейнетақы жүйесі дұрыс жолға қойылмаған елдердегі алаңдаушылық. Оған Қазақстанды да жатқызуға болады. Өйткені елдегі зейнетақы мөлшерінің аз болуы, зейнетақы қорындағы ақша жымқыру, зейнетақы активтерін проблемалы банктерге аудару сынды жағдайлар қазіргі емес, болашақта зейнетке шығатындарды алаңдатпай қоймасы анық. Осы тұрғыда "зейнеткерлері бейқам өмір сүретін қандай елдер?", деген сұрақ туындайды. Анықтап көрейік.

RATEL.KZ. "Теңге тағдыры ОПЕК қолында" - Осы аптада өтетін іс-шаралар және оның нәтижелері ағымдағы жылдың аяғында шикізат валюталарының бағамына қатысты болжамдарға елеулі түзетулер енгізе алады және валюта нарығындағы, оның ішінде Қазақстандағы жағдайдың дамуына айтарлықтай әсер етеді.

ABAI.KZ. "Назарбаев көшесі жайлы көршілер не дейді?" - Бүгінгі күннің бас тақырыбы – Алматыдағы Фурманов көшесінің атын өзгерту болды.  Өзгергенде де «Нұрсұлтан Назарбаев» көшесі болып өзерді. Қазақстандық әм шетелдік БАҚ бұл туралы не деп жатыр? Біз шолу жасадық.

"Жастардың 40 пайыздан астамы Қазақстаннан кеткісі келеді" - "Қазақстан жастарының 40,4 пайызы басқа елдерге кеткісі келеді" деп мәлімдеді сәрсенбіде Астанада "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының өкілдері. Орталық "Қазақстан жастары - 2017" баяндамасын дайындау үшін зерттеу жүргізген.

QAMSHY.KZ. "Дәурен Абаев: Аласапыран дүниедегі Қазақ­станның орны қандай?" - Бүгін Егемен Қазақстанға Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың Елбасы саясатының нәтижелері мен Қазақстанның қазіргі таңдағы әлемде алатын орны туралы ойын білдірген жазбасы жарыққа шықты. Qamshy.kz ақпарат агенттігі аталмыш мақаланы назарларыңызға ұсынады.

30 қараша 2017, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.