AZATTYQ.ORG. "Жээнбеков алғашқы сапарын Мәскеуден бастайды" - Қырғызстанның жаңа президенті Сооронбай Жээнбеков алғашқы шетелдік сапарын Ресейден бастайды. Әуелі Мәскеуге барады, сосын ҰҚШҰ саммитіне Минскіге атанады. Бұған дейін Жээнбеков «Ресеймен одақтастығымызды дамыту саясаты жалғасады» деп мәлімдеген. Кей сарапшылар Жээнбековтің ең бірінші міндеті Қазақстанмен арадағы проблемаларды шешу дейді.
"«Түркістан автономиясынан тарихи сабақ алмадық»" - Бар-жоғы екі ай қызмет еткен Түркістан автономиясының құрылғанына 100 жыл толды. Тарихшы ғалым Бейбіт Қойшыбаев «Түркістан автономиясының күшеюінен қауіптенген совет үкіметінің аймақ халқын кейіннен Өзбекстан, Түркіменстан, Қазақстан сияқты мемлекеттерге бөліп жібергенін» айтады.
ABAI.KZ. "Арман Шораев: Қазақ күресін сергелдеңге салған кім?" - Осыдан біраз бұрын «Спорт жұлдыздары» деген жекеменшік журналдың бас редакторы Мұсағали Тасқалиев есімді азамат өзінің фейсбук парақшасында қазақ күресі туралы жазып, менің де атымды атап, «Қазақ күресін сергелдеңге салған кімдер?» деген сауал қойған екен. Ойлана келе, мұндай негізсіз жазылған дүниелердің қазақ күресінің болашағы үшін атқарып жатқан шаруаларымызға қатысты көпшіліктің ойында күмән тудыратынын әрі желдің қай бағыттан соғатынын ескере отырып, осыған дейін қазақ күресі туралы ел ішінде кереғар пікір қалыптаспасын деп айтпай келген кейбір дүниелерді ел газеті «Егемен Қазақстанның» бетінде ашық түрде жариялауды жөн көрдім. Сонда ғана спортсүйер қауым қазақ күресін сергелдеңге салып жүргендердің кім екенін өзі-ақ ажыратып алар деп түйдім.
"Қандастарға жасалған қиянаттарды халықаралық ұйымдарға жеткізе алмай отырмыз" - Соңғы кездері Қытайдағы қазақтардың қысым көріп жатқаны туралы БАҚ беттерінде жиі жазыла бастағанымен, еліміздің құзырлы орындарында қузау салғанымен, қандастарымыздың қал-ахуалдары оңала қойған жоқ. Қысым күннен күнге артып келе жатқаны жиі айтылып жүр. Осы тұрғыда қандастарды қытай билігінің тартқызып отырған тауқыметінен арылтудың жолы қалай? Қытайда жатқан екі миллионға тарта қазақтың құқығын қалай қорғау керек? Міне осы мақсатта біз ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сол қазақтардың жағдайы туралы алғаш болып жеткізген, Германияда тұратын қандасымыз Өмірхан Алтынмен сұхбаттасуды жөн көрдік.
RATEL.KZ. "«Нұр Отанның» мүшесі деген атаққа бола билік партиясына бармас едім»" - Жекпе-жектен әлем чемпионы Қуат «Найман» сұхбатында спорттан тыс мәселелерді қозғады.
QAZAQTIMES.COM. "НАТО Түркияның ресейлік әуе қорғаныс жүйесін сатып алуына рұқсат берді" - Осыдан біраз бұрын Түркия мен Ресей тараптары ресейлік S-400 зымыран қорғаныс жүйесін сату-сатып алу келісіміне қол қойған еді. Екі елдің бұл қадамы НАТО-ның қарсылығын тудырған. Кеше, 27 қарашада ТАСС агенттігі НАТО әскери комитетінің төрағасы Питер Павелге сілтеме жасап, енді НАТО екі елдің келісіміне рұқсат еткенін хабарлады. Питер Павел бұл жөнінде «АҚШ жаңалықтары мен әлемдік сараптама» басылымына берген сұхбатында айтқан.
"Тері бұйымдарын таңбалау не үшін қажет?" - «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, тері бұйымдарын таңбалау жүйесі жобасын іске қосу жайында хабарлап, таныстырылымын жасады, деп хабарлайды ҰКП баспасөз қызметі.
365INFO.KZ. "«1-қаңтардан бастап жоқ деші…». Маман зейнетақы жүйесіне енгізілген өзгерісті сынап тастады" - Жаңа жылдан бастап, зейнетке шыққандар зейнетақы жинағындағы ақшасын бұрынғыдай бірден шешіп ала алмайды. Енді оны әр айға бөліп беретіндей қып қойды.
"Қазақстанға оралған атақты ғалым қайтадан шетелге кетіп қалды" - Инфекция аурулары мен иммунология саласындағы ерен еңбегі бар, биоқаруды зерттеумен айналысқан Қанатжан Әлібек шетелде Кен Алибек деген атпен танымал. Ол АҚШ-та, одан соң, Украинада ондаған жылдар бойына үлкен жобалармен айналысқан.
SPUTNIKNEWS.KZ. "Жер дауынан кейін әзірленген заң жобасын мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады" - Заң жобасы президенттің тапсырмасымен құрылған жер комиссиясы жұмысының қорытындысы бойынша әзірленді.
AIKYN.KZ. "Анимация – көркемөнер падишасы" - Қазақ анимациясына – 50 жыл. 1967 жылы жарыққа шыққан Әмен Қайдаровтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмімен ұлттық анимация тұсауын кескен еді. Одан бері де жарты ғасыр өтіпті.