Атырау, 19 желтоқсан 11:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Қай елдің билігінде тұрақсыздық болса, «ИМ» күштері сол елде пайда болады", "Рамзан Қадыров "биліктен кетемін" деп не үшін айтты?", "Түйеқұс қорғанысы немесе тіл неге дамымайды?", "Қызметі өзгерсе де, дипломатиялық шені сақталды"

2 295 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Рамзан Қадыров "биліктен кетемін" деп не үшін айтты?" - Шешенстанды он жыл бойы басқарып отырған Рамзан Қадыров "биліктен кетер кез келді" деп мәлімдеді. Сарапшылар мұны өзіне Кремльдің жария түрде қолдау білдіргенін қалайтын Қадыровтың назына балайды.

"ВИЧ жұқтырған жүкті әйелдердің тағдыры" - Оңтүстік Қазақстан облысында жылына ВИЧ инфекциясын жұқтырған ондаған әйел балалы болады. Дәрігерлер үш жылдан бері дертті аналар туған нәрестелердің ішінде «инфекция жұқтырғаны жоқ» екенін айтады.

RATEL.KZ. "Қызметі өзгерсе де, дипломатиялық шені сақталды" - Ермұхамет Ертісбаев жылы Грузиядан неге Батьконың қасына аттанды.

QAZAQTIMES.COM. "Қай елдің билігінде тұрақсыздық болса, «ИМ» күштері сол елде пайда болады" - 2014 жылы маусым айында өздерін «Ислам мемлекеті» деп атаған террорлық ұйым «Халифат» құрғанын жариялады. Сол кезде Абу Бакр әл-Бағдати осы топтың лидері ретінде алғаш жұрт көзіне түсті. Алайда, үш жыл өткеннен кейін, Сүрия мен Ирактағы аталған топтың негізгі орталықтары Ракка мен Мосул қаласы азат етілді. Олар басып алған аймақтарда терроризмге қарсы күштер үздіксіз жеңіске жетіп, террорлық ұйым жеңіліске ұшырады. Осындай жағдайда өздерін «Ислам мемлекеті» деп атаған лаңкестердің күні толықтай батты деуге бола ма?

ABAI.KZ. "Исламофобия. Діни әндерді таратқаны үшін Қазақстан азаматы сотталды" - Алматының Алмалы аудандық соты араб тіліндегі діни әндер тыңдап, оларды әлеуметтік желіде "қайта жариялаған" Шухрат Кибировке қатысты үкім шығарды. Кибировтің адвокаты Ғалым Нұрпейісовтің хабарлауынша, сот Кибировті "діни араздық қоздырды", "терроризмді насихаттады" деп айыптап, 6 жыл 8 айға соттауға үкім шығарған.

""Жаңғырықтар туралы"" - 1990-91-жылдар... Жамбыл облыстық телевизиясында қызмет істеп жүрген кезім... 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы деректі фильм түсіргім келді. Бірақ, оқиғаның орны Алматы қаласында болғандықтан оған біздің облыстық телевизияның қандай қатысы бар деген басшылықтың орынды сұрағы туды, осы кезде. Қысқасы, өз есебімнен алты айға демалыс алып, достарым сыйлаған бейнекамера мен жұмыстан (бір бөтелке беріп уақытша) сұрап алған жарық-жабдығымен Алматыға қарай тарттым.

ZHASALASH.KZ. "Түйеқұс қорғанысы немесе тіл неге дамымайды?" - А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімдері ғылыми-зерттеу институтының директоры Ерден Қажыбекке хат.

365INFO.KZ. "«Бұл да ерлік…». Нұргүлдің мәлімдемесі неге қозғау салғанын білесіз бе?" - Бұл табиғи құбылыс. Ілдебайлап болсын ілгерілеп келеді. Қазақ ешкімнің жағасынан алған жоқ осы күнге дейін. Тіл үйрен деп тықсырған жоқпыз. Ешкімнің құқы тапталған жоқ. Басқалардың қазаққа өкпесі жоқ шығар.

QAMSHY.KZ. "2017 жылы "Әлем аруы" атанған Деми-Ли туралы бес құпия" - Деми-Ли Нель Питерс - биылғы Лас-Вегаста 66-шы рет өткен халықаралық сұлулық байқауының жеңімпазы. Оңтүстік Африка Республикасының тұрғынын "әлемдік сұлулық" сайысын ұйымдастырушылары өздерінің Twitter парақшасында ыстық ықыласпен әлем аруларының қатарына қосылуымен құттықтап, жазба қалдырды.


28 қараша 2017, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.