QAZAQTIMES.COM. "Африкаға талас – Зимбабведегі әскери төңкерістің артында кім тұр?" - Зимбабвенің қарулы күштері президент Мугабені үй қамағына алудан бұрын, сол елдің әскери жоғары лауазымдылары Бейжіңге келді. Қытайдың жоғары әскери лауазымдылары бұны қалыпты әскери алмасулар деп түсіндірді. Шын мәнісінде Зимбабве мен Қытайдың байланысы қаншалықты терең? Бұл туралы BBC сарапшысы Алекс Винс сараптаған еді.
AZATTYQ.ORG. "Тіл институты Мәдениет министрлігіне өтуден қауіптенеді" - Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының зерттеушілері латын қаріпті қазақ әліпбиін ендіру науқанына бола ғылыми мекемені өзге министрлікке ауыстыру туралы ұсыныс түскеніне алаң. Жауапты министрліктер бұл мәліметті растаса да, әлі шешім қабылданбағанын айтады.
"Түркіменстанның "темір ханымы" және коррупциямен күрес" - Құрбанбибі Атажанова туралы бір кездері ол түрме кілтін қолына ұстап туған деп айтуға болар еді. Ол Түркіменстанда басшы қызметте отырғандарды жиі ауыстыратындығымен танылған елдің тұңғыш президенті Сапармұрат Ниязовтың тұсында он жыл бойы бас прокурор болып істеген.
ABAI.KZ. "Қостанайдың діни ұйымға мүше дәрігерлері не істеп жүр?" - Біздің Қостанайда «Свидетели Иеговы» деген атақты аты-шулы діни ұйымның екпіні тау жығарлықтай өктем болып келеді. Ешкім де ешқашан да оған қарсы қатты сөз айта алмайды. Қит етсе «біз Қазақстанда заңды түрде тіркелген ұйымбыз. Жұрт қатарлы жұмыс істеуге толық құқымыз бар. Ал оны шектейміз десеңіздер, сотқа беріп әкелеріңді танытамыз» дегендей доқ көрсетіп қояды. Онысы «біз өз дінімізге насихаттауды қалай жүргіземіз десек те еріктіміз. Тыныштық керек болса, дым көрмегендей болып жүргеніңіз мақұл» дегенін сыпайы түрдегі ескертуі деп қабылдаған жөн. Олардың бұлайша еркінсінуінің өзіндік қисыны да бар. Бізде ол шынында да заңды түрде тіркелген. Ал заңның ұңғұл-шұңғылын куәгерлер өте жақсы біледі.
"«Қара ат» қайтер екен?" - Енді екі күннен кейін Бішкекте Қырғызстан Республикасының жаңа президенті Сауранбай Жиенбековты ұлықтап, елдегі нөмірі бірінші биліктің орынтағына отырғызу рәсімі өтеді. Ақпарат көздері инаугурацияға Қырғызстандағы елшілік өкілдерінен өзге шетелдік қонақтар қатыспайда деп жатыр. Ал, ұлықтау рәсімнен кейін ресми түрде билік тізгінін қолына алатын Жиенбековті құттықтау, құттықтамау әркімнің өз ісі. Ежелден көршілік байланыс пен бүгінгі дипломатияның талабын ескере отырып, Ақорданың Жиенбековке «қадамың құтты болсын» айтарына бек сенеміз.
INFORMBURO.KZ. "Ұлттық киімнің заманауи қазақы брендін дизайнерлер әлі қалыптастыра алмай отыр" - Әйелдер арасында заман талабына сай тігілген ұлттық киімдер мен орамалдар сұранысқа ие бола бастады. Алайда ұлттық стильде киіну қолжетімсіз.
ZHASALASH.KZ. "Айдос Сарым. Халқы билеп қоштасқан диктатор немесе Зимбабвенің бес сабағы" - Осы күндері әлемнің назары "қара құрлықтағы" Зимбабве еліне тіреліп отыр.
365INFO.KZ. "Қырғыздар БҰҰ-ға бір-ақ шықты. Саясаттанушы мінезді көршімізге қатысты пікір білдірді" - Саясаттанушы Сұлтан Әкімбеков БҰҰ резолюциясын талқылап жатқан кездегі қырғыз елінің тосын мәлімдемесіне қатысты өз ойын айтты.
"«Біз оларды білеміз…». Өзі мен әулетін, өтірік өлең-сөздерін кітап етіп шығарғандар туралы" - Бүгінгі күннің ащы шындықтарының бірі — ол иісі қазақтың көркем әдебиетті, яғни кітап оқуды қоюы. Неге?
TURKYSTAN.KZ. "Камал Бұрханов: Сыншылардың «сан соғатын» реті жоқ" - Дін саласы қоғамды жиі толғандыратын өзекті мәселелердің бірі. Өйткені дін – жекелеген адамнан бастап, бүкіл қоғамның сенім жүйесін қозғайтын сала. Әрине, дін саласындағы қордаланған түйткілдер туралы және осы саладағы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі іске асырып отырған жұмыстар жөнінде сарапшылардың пікірлері қашанда құнды екені сөзсіз. Біз заң жобасы төңірегінде туындаған сауалдар бойынша ғалым және қоғам қайраткері Камал Бұрхановты әңгімеге тартып едік.