ZHASALASH.KZ. "Орталық Азияда қытайшыл саяси топ пайда болуы әбден мүмкін" - Си Цизньпин "Қытай әлемдік көшбасшы болуға құлшынбайды" деп мәлімдесе де, ғасырдың ортасында бұл ел әлемдегі номері бірінші елге айналады...
"З. Баталова "Билік шындықтан қорқып отыр"" - ЖСДП төралақа төрайымы Зәуреш Баталовамен сұхбат.
AZATTYQ.ORG. ""Кенеттен көзі ашылған" Мыңбаев пен "құтқарылатын" банктер" - Батыс баспасөзінде Бермуд аралдарындағы фирма-регистратордың мәліметтері жарияланып кетуі арқасында әшкере болған офшор компаниялардың әрекетінен келген зиян көлемін есептеу жалғасып жатыр. Зерттеуші журналистердің болжамынша, офшор компаниялардың бір бөлігі Қазақстан топ-шенеуніктері мен топ-банкирлеріне тиесілі. Жаңа зерттеу нәтижелері Қазақстанның банк секторын құтқаруға қатысты кезекті шаралар мен мұнай-газ саласындағы пара беру туралы хабарлар тараған тұста жарияланып отыр.
""Діни жоралғы орындамайтын діндарлар"" - Орталық Азия жастарының өмірінде діннің орны қандай? Аймақта діни радикалдану қатері шынымен бар ма? Дін қайраткерлерінің аймақ елдерінің қоғамдық өміріндегі рөлін жастар қалай бағалайды? "Орталық Азиядағы жастар" зерттеуі авторларының бірі, Фридрих Эберт атындағы қордың Қазақстандағы кеңсе басшысы Толғанай Үмбетәлиева Азаттықпен сұхбатында осы сұрақтарға жауап берді.
ABAI.KZ. "Алаш жолы. Билікке бес талап" - «Алаш жолы» қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жер тағдыры», «Халық бірлігі» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа, Парламент Сенатының төрағасы Қасымжомарт Тоқаевқа, Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинге, Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа нақты бес талап қояды.
"Репрессиялар жасаған бұрмалауларға алданбайық" - Мен қайта құру жылдары Сұлтанбек Қожановтың зайыбы Гүләндәм апайдан Ташкентте «Шығыс кештерін» қоюшылардың бірі болған Дінше Әділов жайында алғаш естіген едім. Кейінірек, арнайы қызмет архивіндегі ісімен танысу барысында, оның өмірбаянын біршама толық біліп алдым. Бүгінгі М.О. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының шаңырағын тұңғыш көтерген қайраткер бола тұра, қазақ сахна өнері тарихында есімінің мүлдем аталмау себебін де ұқтым.
INFORMBURO.KZ. "Атамбаевтың ақыры. Жээнбековтан күткен үміт ақтала ма?" - Текебаев түрмеге түспегенде сайлау да жеңіс те басқаша болар еді. Бұл жолы Атамбаев та, Жээнбеков та жеңді. Алайда қырғыз елін алаңдатқан мәселе көп. Неге?
QAZAQTIMES.COM. "Трамп Қытай сапарында көздегеніне жете алды ма?" - Қытай басшысы сәтті сауда мәмілесін танытып, АҚШ президентін Бейжіңдегі тарихи орын «Зыжиң» ордасын аралатты. Сол арқылы Ақ үй басшысына жақсы әсер қалдыруға тырысты. Ал, Трамп Солтүстік Корея мәселесі бойынша Қытайға қолқа салумен болды, тіпті Қытай-Солтүстік Корея арасындағы сауда байланысын тоқтатуды көздеді.
QAMSHY.KZ. "Қытайдағы БАҚ қазақтың жаңа әліпбиі жөнінде не жазып жатыр?" - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2017 жылы 26 қазанда қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды. Көрші елдегі маңызды жаңалық ретінде Қытай Халық Ресрубликасының Шинхуа сайты және басқа да ірі ақпарат құралдары 2017 жылы 1 қарашада хабар таратты, онда былай делінген...
DALANEWS.KZ. "Қазақстандағы білім саласы: қаптаған реформалардың салдары қандай?" - «Еуразия әлемі» пікірсайыс клубының кезекті отырысы «Еуразияның көзі ашық, көкірегі ояу адамдары. Білім беруді модернизациялау: дәстүрлер мен тенденциялардың дамуы, сапа және тиімділік факторлары» деген тақырыпқа арналды.
EGEMEN.KZ. "Трамптың Азия елдеріне сапары. АҚШ аймақтағы ықпалын күшейте ала ма?" - АҚШ президенті Дональд Трамптың сапары 12 күнді қамтиды деген мәлімет бар. Ретімен айтар болсақ, ол қарашаның алғашқы онкүндігінде Жапонияда, сондай-ақ Оңтүстік Корея мен Қытайда болды. Енді сапарын Вьетнам және Филиппин мемлекеттерінде жалғастыруда.